Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал есепте болса... - АРҚА АЖАРЫ

Мал есепте болса…

Өңірлік коммунникация қызметі алаңына келген Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары  Қасым Итқұсов пен облыстық ветеринария басқармасы басшының орынбасары Ағыбай  Сыздықов  малды есепке алу шараларының мерзімі, оның қажеттілігі жөнінде толымды хабарламалар жасады.

— Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 31-ші мамыры аралағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына  тиісті мәліметтерді енгізе отырып, шаруашылықтардың барлық санаттарындағы бірдейлендірілмеген жануарларды тіркеу, заңдастыру үшін «Жасыл дәліз-3» шарасын ашу туралы шешім қабылдады. Демек, тіркеу уақыты ұзартылған. Енді, мал ұстаған ауыл-қала тұрғындары осы тиімді шараны пайдаланғандары жөн,- деп бастады сөзін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсов:-Бұл шара мал денсаулығын бақылауда ұстауға, мал өнімдерінің сапасын анықтауға, ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікке игі ықпал етеді.

Бұл, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтарындағы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген тәртіп. Осы ережеге сай бұзау, қозы, лақ, боталар туғаннан бастап жеті күн ішінде, құлын таңба бастыруға төрт  айлығынан, тіркелуден  туғаннан жеті күн өткен соң өтуі керек. Ветеринарлық- алдын алу шараларын өткізу кезінде бүгінгі таңда облыс елді-мекендерінде есепке алынбаған малдың баршылық екендігі анықталып отыр. Ол мал денсаулығы, амандығына байланысты шараларды жоспарлауда кері әсер етеді. Министрлік сол себепті де мал тірекеуге «Жасыл дәліз» ашып отыр. Тұрғындардың ветеринарлық қызмет көрсету орындарына дер кезінде хабарласпауы, мал басын толық көрсетпеуге тырысулары кері ықпал етуде. Кейбір мәліметтерге қарағанда 432 024 бас мал тіркеуге алынбаған. Оның 168 953-і мүйізді ірі қара, 198 788-сі ұсақ мал, 1 512-сі шошқа, 6 397-сі түйе, 56 374 –сі жылқы.

-Қолда бар есептің дұрыс еместігі эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін жүргізілетін жұмыстарды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік бермейді, -деп Қ.Итқұсовтың сөзін қуаттады А.Сыздықов:-Ауыл шаруашылығындағы жануарлардың басын, жеке кәсіпкерлерді, шаруа-фермер қожалықтарын тіркеу, жария ету тетігі ауылдық округтер әкімдіктерінің шаруашылық бойынша есепке алу кітабында мал басы туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсетуді көздейді. Жоғарыда айтылған іс-шараларды орындау үшін, аудандар мен қалалардың әкімдіктері статистика органдары басшыларының, ветеринарлық станциялар директорларының, ауылдық округтер әкімдерінің, ауыл шаруашылығы құралымдары, шаруа және фермер қожалықтары басшыларының қатысуымен кеңестер өткізулері қажет. Барлық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдаланып,түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу керек. Есепке алынбаған жануарлардың иелерін анықтау үшін, полиция қызметіне сүйеніп, басқа қызметтердің өзара бірлескен іс-қимылын қамтамасыз ету жөн.

Қасым Латыпұлы сөз соңында тіркеудің мал ұрлығын анықтауға да септігін тигізетінін айтты. Мал жол –көлік оқиғасына душар болса да анықтау оңайға түседі. Өткен жылы елорда маңайында бір топ жылқы өлі күйінде табылғанда , солардың ішінде біреуінде ғана сырға болып, сол арқылы мал иесі анықталған. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында малы өткен жаз қуаңшылық салдарынан зардап шеккендерге көмек беру кезінде де малының тіркелген-тіркелмегені әсер еткен. Осындай, оқиғаларды айта келіп, баяндамашылар тұрғындардың өз малдарын заңдастырып, тіркеуден өткізуін сұрады.

Серік Сапарұлы,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар