Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәжіліс депутаттарының Ақмола облысында сайлаушылармен кездесулері жалғасуда - АРҚА АЖАРЫ

Мәжіліс депутаттарының Ақмола облысында сайлаушылармен кездесулері жалғасуда

Айта кетсек, күні кеше халық қалаулылары Егіндікөл, Бурабай, Жарқайың аудандары мен Степногорск қаласында болып, елді мекендердің жай-күйімен танысты.

Мәселен, Егіндікөл ауданында болған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәди Елюбаев ауыл тұрғындарымен, жеке шаруа қожалықтарының иелері мен ауылшаруашылық тауарын өндіруші серіктестік басшысымен, қарапайым жұмысшылармен жүздесіп, жергілікті жердегі түйткілді мәселелерге назар аударды.

Аудан тұрғындарының көтерген негізгі мәселелері үздіксіз су беру, жайылымдардың болмауы салдарынан мал жаю қиындай түсуі, сонымен қатар Бауман ауылы тұрғындарының жер пайлары бойынша ұжымдық өтініштері қаралды. Айта кетейік, бұл сұрақтар партияның аумақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде де көтерілді. Мәди Сағынтайұлы барлық сұрақтарға жауап пен түсінік беріп, бірқатар тапсырмалар берді. Барлық мәселелер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды, бірнеше мәселе егжей-тегжейлі зерделеуді талап етеді. Сондықтан, мәселе зерделенуі үшін аудан тұрғындары Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының жеке қабылдауына шақырылады.

Халық қалулысы аудан орталығында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өткізіп, еліміздегі құқық қорғау қызметін жетілдіру үшін жаңа заң жобасы әзірленгендігін жеткізді. Депутат еліміздің құқық қорғау жүйесі осыған дейін талай реформаланғанын алға тартты.

Мәселен, 2011 жылы арнайы заң да қабылданған. Барлық органдар үшін кадрлық процестерді, қызметкерлерге қойылатын талаптар, яғни жаңа заң жобасына сәйкес, қызметке қабылдау тәртібі өзгергендігін де айтып өтті. Құқық қорғау қызметін жетілдіру туралы Заң жобасы Мәжіліске былтыр күзде түскен. Жұмыс тобы 15 рет отырыс өткізіп, құжат ағымдағы жылдың басында бірінші оқылымда мақұлданды.

Өз кезегінде Егіндікөл ауданының құқық қорғау органдары Мәжіліс депутатына кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін, автокөлікті жаңарту мен ғимараттарды жөндеу мәселелерін жеткізді. Осы орайда деутат алдағы уақытта құқық қорғау органдары қызметкерлерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі мен құқықтық қорғалу дәрежесі артатындығын айтып, қуантты.

Аудан орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Елубаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Егіндікөл аумақтық филиалының Саяси кеңес Бюросы мен депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық қызметтер мен ведомстволардың басшылары қатысты.

Онда «Nur Otan» партиясының 2021 жылға арналған Сайлауалды бағдарламасының Егіндікөл ауданы бойынша жүзеге асырылуы ҚР Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында қарастырылып, Жол картасын орындау барысында тап болған қиыншылықтар талқыланып, депутаттық корпус пен жергілікті атқарушы органдар пысықталмаған тұстарға мән берілді.

Жалпы, 2021 жылға жоспарланған іс-шаралар Егіндікөл ауданы бойынша 94%-ке орындалған. Бірақ 36 пәтерлік үй құрылысы, Егіндікөл ауылында су мұнарасын жөндеу сияқты кейбір жобалардың облыстық бюджеттен толық қаржыландырылмауынан Жол картасының пункттерін орындау 2022 жылға өткен. Биыл облыстық бюджет нақтыланғаннан кейін аталған жобалар қаржыландырылып, жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар басталатыны айтылды.

Депутат Мәди Елюбаевтың аудандарға сапары жалғасуда. Бүгін халық қалаулысы Қорғалжын ауданының тұрғындармен кездесуде. Нақтырақ айтсақ, Сабынды мен Кеңбидайық ауылдарында бірқатар серіктестіктердің еңбек ұжымдарымен жүздесіп, тұрғындарды жеке қабылдауын өткізуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар