Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Украинадағы жағдайға қатысты бейбіт шешім қарастыру керек - Мәулен Әшімбаев - АРҚА АЖАРЫ

Украинадағы жағдайға қатысты бейбіт шешім қарастыру керек — Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы жағдайға байланысты пікір білдірді. Осы орайда ол шиеленісті бейбіт жолмен шешу үшін келіссөздер жүргізу маңызды болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген палата төрағасы Украинадағы ахуал ушығып, жаңа кезеңге шыққанын, бұл жағдайда келіссөздер арқылы шиеленісте саяси шешімді пысықтау маңызды болып тұрғанын атап өтті.

Осы орайда М. Әшімбаев бұл келіссөздерде барлық мүдделі тараптар қамтылуы тиіс екенін сөз етті. Сенат төрағасы БҰҰ осы тектес мәселелерді қарайтын негізгі халықаралық ұйым екенін еске салды. Сондықтан бұл дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу үшін мүмкіндіктер бар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Донецк пен Луганскіні тұрақтандыру шешіміне пікір білдірді. Бүгін Украина Президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар