Биылғы жылдың 22-24 ақпаны аралығында алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирі өтті.
Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Турнирге еліміздің барлық облысынан 51 команда, оның құрамында 102 оқушы қатысты.
Ақмола облысының намысын бұл турнирде үш команда қорғады.
Олар:
«Әділет» командасы (Ақкөл ауданы);
«New Time» командасы (Bolashaq Saraiy)
«Астрея» командасы (Көкшетау қаласы)
«Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирінің қорытындысына сәйкес «АСТРЕЯ» командасы құрамында Жакимова Гауһар, Заруцкая Александра жүлделі 3 орынға ие болды.