Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын»,- деп жазылған ҚР Президенті қол қойған Жарлықта.