Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді - АРҚА АЖАРЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету тұрғысында болуы тиіс. 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін өзінде қабылдаған ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы ұстанымын қолдаймыз.

Бұл жайында мен 10 ақпандағы Мәскеуге сапарым барысында да айттым. Тұтастық ұстанымы және қауіпсіздіктің ортақтығы өзара сенім негізіндегі өзара түсіністікті білдіреді. Өкінішке орай, мұндай жағдай орын алған жоқ. Мииск келісімі қағаз күйінде қалып қойды. Бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылға алып келді. Геосаяси ахуал теңдессіз түрде шиеленісті», — деді Мемлекет басшысы «Аманат» партиясының кезектен тыс съезінде.

Сондықтан Қазақстан Президенті екі мемлекетті де уағдаластық пен келісімге келуі үшін келіссөздер үстеліне отырып, ортақ тіл табуға шақырды. «Басқа жолы жоқ. Бейбіт өмірсіз даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық жәрдемін, оның ішінде арағайындық қызметін көрсетуге дайын. Әрине, егер ол қажет болса», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар