Бүгінгі съез барысында «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов елдегі ең ірі партияны қайта жаңғырту бағытындағы ұсыныстарға қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты. «Құрметті делегаттар, бүгінгі съезде партияның модернизациясы тұрғысында айтылған барлық ұсыныстарды, оның ішінде партияның модернизациялау бағдарламасы, жаңа атауы мен белгісі бойынша қабылдау үшін дауысқа саламыз», — деді партияның атқарушы хатшысы.
Делегаттар съезде ұсынылған бастамаларды қолдап, тиісті қаулы қабылданды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады.