Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайрат Сатыбалдыұлы 2 ай мерзімге қамалды - АРҚА АЖАРЫ

Қайрат Сатыбалдыұлы 2 ай мерзімге қамалды

Елорда соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлын қамауда ұстауға қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», — делінген таратылған мәліметте.

Сонымен қатар, қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейтіні айтылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар