Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлемдегі күрделі жағдайға байланысты субсидия реформасы келесі жылға қалды - АШМ - АРҚА АЖАРЫ

Әлемдегі күрделі жағдайға байланысты субсидия реформасы келесі жылға қалды — АШМ

Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство басшысы облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен АӨК дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты. Жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты А.Күрішбаев, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Қожаниязов, кәсіпкерлер, фермерлер және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Қатысушылар АӨК мемлекеттік қолдау, егіс науқанын жүргізу және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Ербол Қарашөкеев Үкімет пен министрлік агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша бірқатар жүйелі және жедел дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, АӨК субсидиялау тетігін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірнеше нұсқа ұсынылды, алайда Президентпен келісе отырып, сондай-ақ әлемдегі азық-түлік нарығындағы күрделі жағдайды ескере келе, Үкімет субсидиялау жүйесін реформалауды 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдыруды және биыл фермерлерді қолданыстағы схема шеңберінде субсидиялау туралы шешім қабылдады.

«Жалпы, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға биыл 309 млрд теңге субсидия қарастырылған, оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 79,7 млрд теңге, мал шаруашылығына – 100 млрд теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге – 8,4 млрд теңге, қаржы құралдарына – 120,4 млрд теңге көзделіп отыр», — деді министр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланы дамытуға қосымша қаржыландыру бөлу мәселесі пысықталуда, олар өткен жылы пайда болған берешекті өтеуге бағытталатын болады.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын тауарлық-материалдық ресурстарға бағаның артуының салдарын жояды. Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлеу аяқталуға жақын. Оның негізгі функционалы автоматты режимде субсидия алушылардың тізілімін қалыптастыру, олардың ЭҚЖЖ бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер санатына сәйкестігін тексеру, субсидия алушылардың қарсы міндеттемелерін тіркеу және олардың орындалу дәрежесін, субсидия алу кезектілігін және қанағаттандырылмаған өтінімдерді күту парағын бағалау болады. Бұл жүйе тегін және барлық негізгі мемлекеттік деректер базаларымен интеграцияланады.

Оны екінші жартыжылдықтан бастап енгізу жоспарланып отыр. «Бүгінгі таңда басым міндеттердің бірі — егіс науқанын уақтылы және сапалы өткізу. Ол үшін министрлікте жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Ол көктемгі дала жұмыстарының барлық түйткілді мәселелерін дер кезінде шешуге бағытталған», — деп атап өтті ведомство басшысы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік өңірлермен бірлесіп ауыл шаруашылығы техникасының, тұқым және тыңайтқыш қорларының дайындығын қайта тексеруді аяқтауға жақын. Техниканың дайындығы 96 % құрайды, өңірлерге арзандатылған дизель отынын жөнелту басталды. Жалпы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 400,2 мың тонна бөлінді.

Сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тұқымдық материалмен толық қамтамасыз етілген. 2,3 млн тонна тұқым себілді немесе бұл — жоспардың 100%. Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жоспарлы режимде жүргізілуде, аммиак селитрасының бағасы 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендеді. «Кең дала» бағдарламасы арқылы фермерлер 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие және 80 млрд теңге көлемінде азық-түлік корпорациясын форвардтық сатып алумен қамтамасыз етілді.

Бұл ретте форвардтық сатып алу биыл 2 есеге артқанын айта кеткен жөн. 25 наурыздағы жағдай бойынша «Кең дала» бағдарламасы бойынша 80,2 млрд теңге сомаға өтінім келіп түсті, оның 49 млрд теңгесі қаржыландырылды. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ 80 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдер келіп түсті, оның 54 млрд теңгесі қаржыландырылды. «Өздеріңізге белгілі, соңғы уақытта ауыл шаруашылығы өндірісі үшін тауарлық-материалдық заттар бірнеше есе қымбаттады. Бұл бағамдық айырмашылыққа, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында өндіріліп, Қазақстанға өткізілетін тұқымдардың, агрохимияның, қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың жеткізу арналарының бұзылуына байланысты болып отыр», — деді Ербол Қарашөкеев.Ми

нистрлік көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыруды қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайтып, бюджеттік кредиттеудің жалпы сомасын 140 млрд теңгеге дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл мал басы мен құстың сақталуын қамтамасыз ете алатын 200 мың тонна көлемінде астық қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Министр саланың экспорттық әлеуетін дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, суарудың заманауи жүйелерін сатып алу және қажетті инфрақұрылымды жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Көкөністер мен қант қызылшасын өндіру және қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға қосымша 8,3 млрд.теңге бөлінетін болады. Бұл қаражат қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуды және қажетті инфрақұрылым жүргізуді қаржыландыруға бағытталады. «Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша жобаны кеңейту аясында ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындарын шағын несиелеуге 40,0 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Бағдарламада 5-7 жыл мерзімге 6% — пен микрокредит беруді көздейді. Бұл 10 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», — деді АШМ басшысы.

Кеңеске қатысушылар Алматы облысының ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін көтерді, спикерлерге жанар-жағар май, тыңайтқыштар және көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, сондай-ақ бордақылау алаңдарын дамыту бойынша бірқатар сұрақтар қойды. Ведомство басшысы облыс фермерлерінің АӨК дамытуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесін атап өтіп, барлық проблемалық мәселелерден хабардар екенін және олар Үкіметтің назарынан қалмайтынына сендірді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығын дамытудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беретін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар