Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысында аударыспақтан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Тартысты өткен жарыста жерлестеріміз бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Оның ішінде 57 келі салмақ дәрежесінде Аманжол Абай чемпион атанса, Жангелді Ерназаров (52 кг) пен Балташ Ернар (74 кг) қола медаль иеленді.
Аударыспақ-қазақтың ұлттық спорт түрлерінің бірі. Оған екі шабандоз қатысады. Ойын барысында олар қолдарын ұстап, бір-бірін аттан сүйреп түсіруге тырысады. Бұл ойындағы ең бастысы – ер-тоқымдағы тұрақтылық және жылқыны басқару дағдылары. Қарсыласын құлатқан адам жеңіске жетеді.