Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасындағы судьялардың тәуелсіздігі - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасындағы судьялардың тәуелсіздігі

Мінсіз әрі тәуелсіз сот жүйесінің болуы кез келген құқықтық мемлекеттің ажырамас атрибуты және басты құқықтық институты болып табылады.
Елімізде сот төрелігін жүзеге асыруда, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауда басты рөлді судья атқарады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезіндегі сөйлеген сөзінде сот төрелігінің әділ және заңды жүзеге асырылуына мемлекет те, бүкіл қоғам да мүдделі екенін атады және сот жүйесінің тәуелсіздігі – маңызды міндеттердің бірі екенін атап көрсетті».
Қазақстан Республикасында судьялардың тәуелсіздігі институтының конституциялық-құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының нормаларына сәйкес судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Бұл кепілдіктер судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға, сондай-ақ сот төрелігі саласындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға және алдын алуға арналған.
Қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардан жоғарғы тұрған сот сатыларына бірінші сатыдағы соттардың судьяларымен қаралған немесе қаралып жатқан істерді бақылауға алу, оларды шешуге жәрдемдесу туралы көптеген шағымдар мен өтініштер түсуде.

Алайда, судьяның тәуелсіздігі қағидаты – ешкімнің де сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуына және судьяға қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ және мұндай әрекеттер жауаптылыққа әкеп соғатындығын көрсетеді.
Сот тәуелсіздігінің маңыздылығы соншалықты, заң шығарушы сот қызметіне қандай да бір нысанда араласқаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 407-бабының 1 және 3-бөліктері); сот төрелігін жүзеге асыратын адамның өміріне қол сұғушылық үшін (ҚР ҚК 408-бабы); сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты қатер төндіргені немесе күш қолдану әрекеттері үшін (ҚР ҚК 409-бабының 1, 3, 4-бөліктері); судьяны қорлағаны үшін (ҚР ҚК 410-бабының 2-бөлігі); судьяға қатысты жала жапқаны үшін (ҚР ҚК 411-бабының 1, 3-бөліктері); судьяға қатысты парақорлықты арандатқаны үшін (ҚР ҚК 417-бабының 2-бөлігі) қылмыстық қудалауды көздейді.

«Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысына сәйкес соттар судьялардың тәуелсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударып, олардың қызметіне араласуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға, судьяларға бақылау жасауға немесе оларға өкілеттіктерінен тыс міндеттер жүктеуге тырысушылықтарға тиым салуға тиіс.

Соттардың нақты іс бойынша әділ және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі келтіру мақсатындағы кез-келген нысандағы іс-әрекеттерді сот қызметіне араласу деп түсінген жөн. Мұндай араласу түрлеріне, атап айтқанда, сот процесіндегі нақты тараптың пайдасына шешім қабылдау туралы әлдебіреулердің сырттан берілген тікелей нұсқауы немесе жанама өтініші, судьяларды белгілі бір шешім қабылдауына мәжбүр ететін жағдайлардың әдейі жасалуы (қорқыту, параға сатып алу, зорлық- зомбылық) және басқа да осындай іс-әрекеттердің жатуы мүмкін.

Мемлекеттік органдардың немесе ондағы лауазымды адамдарының сот ісін жүргізуінде жатқан істі бақылауға алуына сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтіру мақсатында сот қызметіне араласу деп бағалау керек.

Судьялардың тәуелсіздігі туралы мәселе тек реформалармен ғана шектеліп қоймай, ол мемлекет пен қоғам тарапынан көп уақыт, қажырлы еңбек пен жұмысты талап етеді.
Қоғам мен халық тарапынан сот институтына деген сенімді арттыру мақсатында сот саласындағы халықаралық үдерістердегі өзектілікті ескере отырып, сот билігін өркендету бағытында жаңашыл реформаларды жалғастырып, судьялардың біліктілігі мен тәуелсіздігін әрі қарай көтеруіміз қажет.

Қазіргі Қазақстанға қуатты, тәуелсіз және тиімді сот билігі керегі анық. Бұл үшін осы биліктің иесі — судьяның жан-жақты зерделенген, заман талабына сай құқықтық мәртебесін құру қажет. Сот билігі мен құқықтық мемлекеттің тағдыры сот мәртебесінің сапасына байланысты.

Жуанышев Райымбек,
Ақмола облысы бойынша
Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімі
басшысының міндетін атқарушы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар