Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ассамблея қызметі насихатталды - АРҚА АЖАРЫ

Ассамблея қызметі насихатталды

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері «Отаным –тағдырым» жобасын іске асыру шеңберінде А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесті.

Бұл Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы (ҚХАА) мүшелерінің Көкшетау қаласындағыжоғары оқу орындары және колледж студенттерімен өткізген төртінші кездесуі. Іс-шараның мақсаты – ҚХАА мүшелерінің, этномәдени бірлестік көшбасшыларының қоғамдағы, оның ішінде жастар арасындағы рөлін арттыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінен ақпарат беру.

Кездесуді университет проректоры Динара Әбділманова ашып, жүргізді. Оның айтуынша, облыс орталығындағы ірі жоғары оқу орындарының бірі А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде бүгінде 25 білім беру бағдарламасы бойынша 3400-ден астам студент білім алуда. Мұнда этносаралық қатынастар саласында болашақ мамандарды даярлайтын Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) өз кафедрасы бар. Сондықтан, ҚХАА-ның өкілдерімен кездесуге ҚХА кафедрасының студенттері мен аталмыш оқу орны жанындағы «Өркен» жастар ұйымының мүшелері де қатысты.

Облыстық Ассамблея туралы бейнефильмді тамашалаудан басталған кездесу диалог, сұрақ-жауап форматында жалғасты. Сондай-ақ, «Достық үйі» басшысының орынбасары Айдын Раисов студенттергеоблыстық ассамблеяның өңірдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі қызметін, этномәдени бірлестіктерге, ҚХАА қоғамдық құрылымдарына Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруда әдістемелік, ұйымдастырушылық көмек көрсетуі жөніндегі жұмыстарды әңгімелеп берді. Ал, Ақмола облысы бойынша «Ассамблея жастары» өкілдігінің төрағасы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті, мемлекеттік тілді еркін меңгерген Вебер Владислав ҚХА-ның жастар қозғалысы қызметінің негізгі бағыттары туралы айта келіп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді және оларды өз қатарларына қосылуға шақырды.

ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптама тобының мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі Анна Свинарчук ұйым жұмысы жайлы баяндап, этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша облыстық Ассамблея қызметіне сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін және осы ғылыми топта белсенді жұмыс істейтін аталмыш университеттің оқытушыларынатап өтті. Жиын барысында ҚХА кафедрасының облыстық Ассамблеямен және Достық үйімен тығыз ынтымақтастықта болып, ҚХАА мүшелері мен Қоғамдық келісім қызметкерлерін дәрістерге, семинарларға шақыруы, студенттерді Достық үйіне экскурсияға апару туралы ұсыныстар жасалды.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар