Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Германияның Берлин қаласында пара жүзуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, жарысқа 47 елден 300-ден астам атлет қатысты.
Ақмола облысының спортшысы, «Мерген» мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубының тәрбиеленушісі Алина Синельникова 400 метр қашықтықта еркін стильде күміс жүлдегер атанса, 200 метр қашықтықта 3.20.54 нәтижесімен брасс әдісінен Азия рекордын орнатты.
Оның бапкерлері Джанна Зайцева мен Анна Симонинаның айтуынша, Алина Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын орындады.