Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елорда маңындағы аудандарда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде - АРҚА АЖАРЫ

Елорда маңындағы аудандарда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаевтың айтуынша, Целиноград ауданында 200 мың текше метрге жуық еріген қар суы сорылды.

«Департаменттің қосымша қызметтері ауданға 2 сәуірде келген болатын. Сол күні ағын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қолға алынды. Сондай-ақ, қалыптасқан жылы ауа-райына және температураның жоғарылауына байланысты егістік жерлерде қар су жиналды. Қоянды кенті бойынша ТЖМ жеке құрамынан 51 адам, 10 бірлік техника және 8 мотопомпа жұмылдырылды.

Сондай-ақ, министрдің шешімі бойынша 52859 сағатта Азаматтық қорғаныс полкінің күштері тартылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтан келіп түскен барлық өтінімдерді қараймыз», – деді Қанат Доспаев.

Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде және басқа да елді мекендерде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, ағын суларды қауіпсіз өткізу мәселесі ерекше бақылауда, тұрғын үйлердің су алып жағдайы тіркелген жоқ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар