Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елорданың айналасында тасқын сулар апатсыз өткізілуде - АРҚА АЖАРЫ

Елорданың айналасында тасқын сулар апатсыз өткізілуде

Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше,  Ақмола облысының елорда маңындағы елді мекендерді қардың белсенді еруі басталғаннан бері 600 мың текше метр су сорылған. Бұл Айдабол су қоймасының сыйымдылық мөлшерімен шамалас, құтқарушылардың, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің жедел іс-қимылдарының арқасында өңірімізде тұрғын үйлерді су басу оқиғасы орын алған жоқ.

Департамент бастығы Нұрлан Атығаев 6 өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтіп жатқанын айта келе, облыста тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар нәтижелі жүргізіліп жатқанына тоқталды. Қазіргі жағдайда елорда маңындағы өңірде су тасқынына қатысты жағдай тұрақты, 600 мың текше метр су сорылып, 7000 қап инертті материалдар төселген.

Бір айта кетерлігі, төтенше жағдайдың алдын алуға өңірлерде 315 тонна жанар-жағар май, 17,2 мың тонна инертті материал, 76,8 мың дана қап және елді мекендерден көшіріле қалса, тұрғындарды қабылдайтын 222 негізгі пункт дайындалды. 625  мал орналастыратын  орын және қажетті жемшөп әзірленді.

Целиноград және Аршалы аудандарының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды атқаруға департаментпен Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс полкінің жеке құрамынан 117 адам және 40 әскери қызметші жұмылдырылған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар