Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің күні - АРҚА АЖАРЫ

12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің күні

Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса адам жұмыс істейді

 12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. 2011 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жарлық шығарып, 12 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды.

Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрылуы негіз болды. Содан бері 74 жыл өтті.

Соғыс жылдары Қазақстанда Мәскеу мен Ленинградтан, басқа да өндірістік қалалардан зауыттар мен өндіріс орындары көшіп келді. Олармен бірге жоғары білікті ғылыми қызметкерлер де келіп, елімізде ғылым мамандарын даярлау қолға алынды. Ал, соғыс біткеннен кейін КСРО Ғылым академиясына қазақтың жас ғалымдары оқуға, тәжірибе алмасуға жіберіле бастады.

Одаққа енген елдерде 1950 жылдан бастап жеке-жеке ғылым ордалары құрылып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында ғылыми байланыстар орнады. 1980 жылдардың басына қарай Қазақстанда 21,1 мың адам жұмыс істейтін 140 ғылыми мекеме болды. Ғылым академиясының жанынан 6 институт ашылды.

1996 жылы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясы және ҚР Ғылым және технологиялар министрлігі ҚР Үкіметінің құрамындағы орталық атқарушы орган – Қазақстан Республикасының Ғылым Министрлігі – Ғылым академиясына біріктірілді.

Ал, 2003 жылы Ғылым академиясына «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мәртебесі берілді.

2011 жылмен салыстырғанда «Scopus» деректер базасында қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарының жалпы саны 34,5 есеге, «Web of Science» деректер базасында – 59 есеге өсті. Соңғы бес жыл ішінде отандық ғалымдардың әрбір бесінші жарияланымы әлемнің ғылыми журналдарының топ-25-ке енді. Бұл ретте соңғы жылдары ғылыми жарияланымдар авторларының саны 3 есеге өсті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, 2020-2022 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғаймақ. Ал, 2025 жылға дейін ішкі жалпы өнімнің 1 пайызын ғылымға кететін шығындар құрамақшы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар