Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында еркін күрестен «Journeymen Wrestling World Classic» халықаралық турнирі аяқталды.
Жарысқа Канада, Италия, Боливия, Мексика, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Латвия елдерінен 2002-2003 жылдары туған 600 спортшы қатысып, күш сынасты.
Ақмола облысының 19 жастағы балуаны Жасұлан Бексұлтанов 74 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Ол Олжас Әшімовтың жетекшілігімен жаттығады.