Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаһандық экономикаға интеграцияның кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Жаһандық экономикаға интеграцияның кепілі

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназия қызметкерлері арасында жақсы іскерлік қарым-қатынас орнады. Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында бітіруші сынып оқушылары үнемі ашық есік күндеріне, экскурсиялар мен кездесулерге шақырылады. Айта кету керек, көптеген қызметкерлер, олардың ата-аналары және Департамент ардагерлері-жақында жүз жылдық мерейтойды атап өткен осы оқу орнының түлектері.

Заман талабына сай гимназия үштілді жүйеге көшті және бүгінде мектеп қабырғасында жаратылыстану бағытындағы пәндер ағылшын тілінде оқытылады.

Жақында тиімді әдістемелермен тәжірибе алмасу мақсатында мекемеге Назарбаев университетінің профессоры Сайед Абдул Манан (Пәкістан) және ғылыми ассистент Сабина Қайратова келді. Олар жоғары білім беру мектебінің басқа қызметкерлерімен бірге қазақстандық мектептерде үш тілді жүйені енгізумен айналысады.

Іс-шара барысында елордалық оқытушылар гимназиямен  танысып, әлеуметтік зерттеу жүргізіп, көптілді білім беру бойынша мектеп мұғалімдеріне пайдалы ұсыныстар берді.

1956 жылғы мектептің түлегі Мемлекеттік кірістер органдарының облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тенбай Ибраев қонақтарға алғысын білдіріп, қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша құрмет пен алғыс белгісі ретінде қазақ шапанын сыйға тартты.

Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназияның директоры Ардақ Ахмеджанованың айтуынша, біздің мектепте үштілді оқыту жүйесі 2004 жылдан бастап енгізілген. Қазақстан халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде: қазақ тілін мемлекеттік тілді, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу ретінде пайдаланатын, жоғары білімді ел ретінде қабылдануға тиіс.

Іс-шара барысында қонақтар академик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің мектеп мұражайымен танысты.

 

Нұрлан Ысқақов, Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар