2022 жылдың 6-8 сәуір күндері аралығында Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің базасында «Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың» облыстық ғылыми жұмыстар мен жобалар байқауы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылар мен оқытушылар орасында патриотизмді, туған өлкенің табиғи және тарихи-мәдени мұрысына мұқият қарауды тәрбиелеу, ең қызықты өлкетану зерттеулік жұмыстарды анықтау.
Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы.
Облыстық ғылыми жұмыстар мен жобалар байқауына бірінші аудандық, қалалық кезеңінен өткен 50-ге жуық оқушы қатысты.
Байқау қатысушыларының жұмысын Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи – мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» тарих және археологиялық ескерткіштерді қорғау бөлімінің бөлім меңгерушісі Сарсекова Гаухар Балапановна, өлкетанушы, «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» бас маманы Шамиғанова Гүлден Өмірқалиқызы, Бурабай кентінің тарихи – өлкетану музейінің меңгерушісі Салтанат Жетпісбаевна және Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Шахметов Жасұлан Еслямбекұлы бағалады.
Қазылар алқасының шешімі негізінде келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды;
«Жергілікті туризм»
1 – орын Адильбекқызы Аружан Көкшетау қаласы № 3 Абай атын.ДБАМОМИ;
2 – орын Мухопадова София, Сандықтау ауданы;
2 – орын Мұхтар Әліби, Қорғалжын ауданы;
3 – орын Ерболат Темірлан, Біржан сал ауданы;
3 – орын Арапиев Адам, Бурабай ауданы.
«Аудан тарихында өз іздерін қалдырғандар»
1 – орын Ханат Оразалы, Астрахан ауданы;
2 – орын Ержанова Айым, Қосшы қаласы;
2 – орын Гармашова Александра, Атбасар ауданы;
3 – орын Уайс Нұргүл, Зеренді ауданы;
3 – орын Көпжасаров Амангелді, Есіл ауданы.
«Ескерткіштер – ел тарихы»
1 – орын Қайратова Каусар, Егіндікөл ауданы;
2 – орын Умарова Ұлжан, Целиноград ауданы;
2 – орын Акматова Айназик, Көкшетау қаласы;
3 – орын Камышанская Виктория, Жарқайың ауданы;
3 – орын Бақытбек Назым, Шортанды ауданы.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.