Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Негізгі мәселе – жол мен автобус - АРҚА АЖАРЫ

Негізгі мәселе – жол мен автобус

Халықтың аманатын арқалаған «Amanat» партиясының Ақмола облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы осы жолы Зеренді ауданында өтті. Аудандағы Бөгенбай би атын иеленген шағын ғана елді мекен халқының негізгі мәселесі  – ауылдан Көкшетау-Атбасар күре жолына дейінгі жолды жөндеуден өткізу. Сонымен қатар, оқушыларды көрші ауылға тасымалдайтын автобусты жаңарту.

Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Толқын Бейсембаева баршаға ортақ мәселені көтерді. Яғни, ауылдың 17 оқушысы  көрші ауылдың Викторовка мектебінде оқиды, ал оларды тасымалдайтын автобустың әбден тозығы жеткен, одан қалды жол да ойдым-ойдым. Көлік екі ауылдың балаларын бір-ақ тасымалдайтындықтан, оқушылар мектепке таңғы сағат 7-де кеткеннен 4-5-терде шаршап-шалдығып әзер келетін көрінеді. Сондықтанн, ол  балаларға жаңа автобус сұрады. Қоғамдық қабылдау барысында бұл мәселенің биыл шешілетіні белгілі болды. Яғни, облыстық білім басқармасы лизинг есебінен бөлінген 65 автокөліктің бесеуін өтінімге сәйкес Зеренді ауданына бөлген. Оның біреуі осы Викторовка орта мектебіне берілмек.

Ауылдың байырғы тұрғыны Қанат Нәкеновтың «Amanat» партиясынан үміті мол. Ол ең бастысы, ауылды ауданмен байланыстыратын жолды жөндеуден өткізу мәселесін шешіп беруді сұрайды. «Бүгін біздің ауылға қандай мәселе бар деп «Amanat» партиясы келіп отыр. Біздегі ең бірінші сұрақ – жолды жөндеу керек. Ол әбден ескіріп біткен. Әсіресе, балаларды көрші Викторовка ауылына тасымалдау бір азап. Сол жол мәселесін шешіп берсеңіздер, біздің ауыл сіздерге риза болар еді» дейді ол.

Баршаға ортақ сұрақтардың жауаптарын, яғни, соның ішінде осы мәселені шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Райхан Ғабдуллина айтып берді. Төрт-ақ оқушы оқитын типтік мектепті ұтымды пайдалану бойынша да ауыл тұрғындарынан біраз өтініш-тілектер айтылды. Мәселен, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруды көздеген ауыл азаматы мектеп базасында маусымдық лагерь ұйымдастырғысы келеді. Оның бұл тамаша ойын жүзеге асыру үшін тек арнайы орынның, бұл ретте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органының рұқсаты керектігі түсіндірілді.

Тағы бір ауыл азаматшасы мектептің бос тұрған спорт залын кешкі уақытта кесте бойынша оқушылар мен ауыл жастарының спортпен шұғылдануы үшін пайдалануға рұқсат беруді сұрады.  Бұл мәселе өз шешімін тез тапты. Спорт залын жалға беру мүмкін болғандықтан, арнайы кесте жасап, жастардың спортпен шұғылдануына рұқсатты мектеп директоры беретін болды.

Қабылдау барысында жұмыс істемейтін сумен жабдықтау жүйесін жөндеу, көшелерді жарықтандыру сияқты мәселелер де көтерілді. Ауыл үшін негізгі сұрақтардың оң шешілуі партиялық бақылауға алынатын болады.

Бибінұр ӘМІРХАНҚЫЗЫ,

«Аmanat» партиясы Ақмола облытсық филиалының

баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар