2022 жылдың 12-14 сәуірінде «Қазақшаң қалай, балақай?» атты орыс тілінде оқытылатын 4-6 жас аралығындағы балабақша бүлдіршіндері арасындағы облыстық сырттай байқауы ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.
“Іс-шара балалардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыруға, қазақ тіліндегі тілдік байлықты, ойлауды, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді”, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Байқауға облыстың 7 ауданы мен 2 қаласынан жалпы саны 9 балабақша қатысты.
Әділ қазылар алқасының жұмысының қорытындысы бойынша байқаудың келесі нәтижелері анықталды:
I – орын Бурабай ауданы, «Ақбота» бөбекжайы;
II – орын Көкшетау қаласы, «Ертөстік» балабақшасы;
III – орын Шортанды ауданы, «Бөбек» балабақшасы;
III – орын Степногорск қаласы, №3 «Алпамыс» балабақшасы
.
Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, тәрбиешілерге алғыс хаттар табысталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.