Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында салық бойынша 2,1 миллион теңге берешек өтелді - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында салық бойынша 2,1 миллион теңге берешек өтелді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.Басты мақсат – төленбеген әкімшілік айыппұлдар, көлік және басқа да төлемдер бойынша салық берешегін өтеу деңгейін көтеру. Бірлескен жоспар аясында құзыретті органдар – Мемлекеттік кірістер департаменті, Полиция департаменті, жеке сот орындаушылары «Автоураган» мамандандырылған көлігінің көмегімен жеке тұлғалардың көлік салығының, алименттер және әкімшілік өсімпұлдары қарыздарын өтеу бойынша рейдті қолға алды.

«Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы және конституциялық міндеті болып табылады» — дейді Мемлекеттік кірістер департаменті берешектермен  жұмыс  басқармасының бөлім басшысы  Тобыл Демесинов.

Оның айтуынша, акцияның алғашқы екі күнгі қорытындысы бойынша 107 салық төлеуші 2 миллион 160 мың 253 теңге көлемінде қарыздарын өтеді. Сонымен қатар 141 салық төлеушілерге 3 миллион  366 мың 560 теңге көлемінде хабарламалар берілді. Осындай іс шара күнделікті жүргізіліп отырады, сондықтан қарыздары бар тұлғалар төлемдерін заңмен белгіленген уақытында жүргізіп отырулары тиіс.

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады, егер жеке тұлға автокөлікті сенімхат бойынша басқарса, онда төлем иесінің ЖСН-де ғана жүргізілуі тиіс. Төлеу тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

«Көлік құралдары салығы бойынша берешек сомасын «Е Салык-Азамат» мобильді қосымшада, сондай-ақ Telegram чат ботында «@SalyqBot» және Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан есептей аласыз»,- деп қосты Тобыл Демесинов.

Осы ретте, көлік құралдары салығы бойынша қарыз сомасы уақтылы төленбеген кезде немесе әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл салынады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар