Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгінгі колледж оқушылары – ертеңгі өндіріс мамандары - АРҚА АЖАРЫ

Бүгінгі колледж оқушылары – ертеңгі өндіріс мамандары

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар мен оқу орындарын аралап,  еңбек ұжымдарымен жүздесті, оның барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  халқымызға арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалу барысына тоқталып, алда атқарылатын жұмыстарды пысықтады.

Өңір басшысы алдымен Көкшетау қаласындағы Бурабай колледжіне барып, ұжымның тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл колледждің ашылғанына биыл 20 жыл. Осы уақыт аралығында студенттерге кәсіптік-техникалық орта арнаулы білім беруді қамтамасыз етіп келеді.  Колледж ашылған жылдары студенттер 11 мамандық бойынша білім алса керек. Жаңа өзгертулерге байланысты өткен жылдан бастап аталмыш білім ордасы бейінді оқу орыны болып саналады. Яғни, мамандықтардың барлығы тек теміржол саласымен байланысты. 2005 жылдан бері колледж «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп, дуальді оқыту формасы бойынша жұмыс істейді. Студенттер жүз пайыз тегін тәжірибеден өтеді. Ішінара жұмысқа орналастыру қарастырылған. Колледж директорының айтуынша, білім ордасы түлектерінің 75 пайызы жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда білім ордасында 191 студент білім алып жатыр. Өңір басшысы білім ордасындағы арнайы пәндер кабинеттері мен радиомеханика, электроника мамандығына қажетті зертханалардың жұмысын, интерактивті оқу кабинеттерін аралап көріп, студент жастармен тілдесті. Осы орайда колледждің материалдық-техникалық базасы әлі де болса жаңартуды және толықтыруды қажет етіп тұрғандығы байқалады. Қазіргі таңда колледж ұжымы «PISA-2022» маңызды халықаралық зерттеу жұмысына қатысуда. Бұл білім додасында өңіріміздегі төрт колледж  өз бағын сынауда. Солардың бірі  – Бурабай колледжі.

Бұдан кейін облыс әкімі Көкшетау қаласындағы «Жасыл Ел НС» серіктестігінде болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Серіктестік биылғы көктемнен бастап өндіріс ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Мұнда төрт жылыжай орналасқан. Жылыжайда гүлдердің бірнеше түрі бой көтеруде. Барлығы екі миллионға жуық өскін отырғызылған.

Серіктес басшылығының айтуынша, бұл өскіндер мамыр айының алғашқы күндері қала көшелеріне отырғызылып, қала алуан түрлі гүлмен көмкерілетін болады. Бұл орайда, барлық өскін мен көкжелек қала көркін аша түсер талғаммен таңдалған. Бұл мақсатта өскіндердің жеткілікті қамтамасыз етілгенін атап өтуіміз керек. Ерекше екпін түсіре айта кететін жайт, өскіндер мен гүлдердің бағасы тұрақты. Мәселен, петуния гүлінің бір түбі 40-45 теңге шамасында. Әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты бағаны тұрақты ұстап тұрудың өзі оңай-оспақ шаруа емес.   Өңір басшысы серіктестіктің жұмысына оң баға беріп, жұмысты әлі де болса ширата түсу керек екендігін баса айтты.

Бұдан кейін Ермек Маржықпаев Ақмола облысындағы іргелі шаруашылық – «МК-Агропродукт» серіктестігіне барды. Кәсіпорын басшылығы атап өткеніндей, қазіргі таңда жеткізіліп жатқан шикізат көлемі көңілдегідей емес. Яғни, бұл күнде кәсіпорын толық қуатында жұмыс етіп тұрған жоқ. Бір ауысымда сегіз адам ғана жұмыс істейді. Кешеннің барлығы заманауаи жабдықталған. Автоматтандырылған кешенде  тәулігіне 150 тонна өнім өндіріледі. Осы мәселеге байланысты өңір басшысы тиісті сала басшыларына  алдағы уақытта өнім көлемін арттыруға байланысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Сапар соңында облыс әкімі Көкшетау құрылыс-техникалық колледжіне барып, ұжым тынысымен танысты.  Колледж директоры Ерлан Бегайдаровтың айтуынша, қазіргі таңда бұл білім ордасында 701 студент білім алуда. Олардың 316-сы ауыл балалары. Студент жастар жатақханамен қамтамасыз етілген. 263 студент жатақханада тегін тұрады, олардың барлығы үш мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Колледжде 122 қызметкер бар, олардың 77-сі педагог, 45-і оқытушы, 32-сі өнеркәсіптік оқыту шеберлері. Колледж 6 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Олардың бесеуі «Жас маман» ұлттық жобасының сұранысқа ие 100 мамандығына еніп отыр.  2020 жылы колледж 380 миллион теңгеден астам қаржыға жабдық сатып алған. Мұндағы шеберханалардың барлығы заманауи  жабдықпен жарақтандырылған. Колледжде 21 оқу кабинеті және 12 оқу шеберханасы бар.

– Қазіргі таңда гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетті. Мемлекет басшысы өнеркәсіп өкілдеріне басымдық беру керектігін атап өткендігі белгілі. Кезінде экономист, заңгер боламын деген жастар қатары көп еді. Қазіргі таңда кәсіп меңгерген мамандар тапшы болғандықтан, оқу оқимын деген жастарға барлық жағдайлар жасалып,  қашанда қолдау болады, –деді өңір басшысы.

Өткен оқу жылы аталмыш колледжді тәмамдаған түлектердің 82,7 пайызы, яғни, 228 студенттің 178-і жұмысқа сәтті орналасқан. Демек, техникалық кәсіптерді меңгерген мамандарға сұраныс көп.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар