Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Виктор Федорович Зайберт - АРҚА АЖАРЫ

Виктор Федорович Зайберт

76 жасқа қараған шағында тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Қоғамдық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті,  есімі әлемге танымал ғалым Виктор Федорович Зайберт қайтыс болды.

Виктор Зайберт Қазақстан Республикасының тарихын зерттеуге, біздің елімізде археологиялық ғылымның дамуына орасан зор үлес қосты. 1947 жылы арнайы жер аударылғандар отбасында дүниеге келген ол өзінің тағдырын мәңгілік қазақ халқының тарихымен байланыстырды.

Археологиялық экспедицияның басшысы бола жүріп, елімізде, соның ішінде Ақмола облысының аумағында бірқатар маңызды қазбаларды тапты. Оның «Солтүстік Қазақстанның неолиті» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациясы Атбасар неолиттік мәдениетіне арналды. Бұл үшін ғалым 200-ден астам объектіні ашып, зерттеді.

Виктор Зайберт өз өмірінің біраз жылдарын біздің аймағымыздағы жұмысқа арнады. 2002-2003 жылдары ол Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті педагогикалық институтының директоры болды. 2005-2009 жылдары саясаттану және тарих кафедрасының меңгерушісі, онымен бір мезгілде «Көкше» археология және мәденигенез ғылыми орталығының, Көкшетау археологиялық экспедициясының директоры болды.

Виктор Федоровичтің бұрынғы Көкшетау облысының Айыртау ауданында тапқан бұдан шамамен 5600 жыл бұрынғы Ботай мыс-тас ғасыры дәуірінің ескерткіші өте маңызды жаңалықтардың біріне жатады. Осы жаңалық оның есімін бүкіл әлемге танытты.

Виктор Зайберт төрт монографияның және 90-нан астам ғылыми мақалалардың авторы. Ол Белфаст, Кембридж, Оксфорд, Ньюкасл, Эдинбург университеттерінде лекциялар оқыды. Өз Отанында, Қазақстанда әріптестері мен студенттер арасында зор беделге ие болды. Оның көптеген шәкірттері танымал ғалымдарға айналды және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау жолында жемісті еңбек етіп келеді.

Виктор Федорович Зайберттің туған-туыстары мен жақындарына, осы бір сан қырлы, талантты адамды білген жандардың бәріне шын жүректен қайғырып, көңіл айтамын. Оның есімі Ақмола облысы мен біздің еліміздің тарихында мәңгілік жазылып қалады. Марқұмның жатқан жері жайлы болсын.

Ермек Маржықпаев,

Ақмола облысының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар