Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола мен Көкшетаудың табиғатына аялы қамқорлық керек - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола мен Көкшетаудың табиғатына аялы қамқорлық керек

Қазақстан Республикасының Экология министрі Серікқали Брекешев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, өңірлік коммуникациялар қызметінде қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған брифинг өткізді. Шараға Министрмен бірге комитет төрағалары Зұлфұхар Жолдасов пен Нұрлан Алдамжаров та қатысып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Серікқали Брекешев Ақмола облысының экологиялық жағдайы басқа өңірлермен салыстырғанда біршама тәуір екенін алға тартты.Табиғатты  қорғау шараларын жүзеге асырудың арқасында ластаушы заттардың шығарындылары 2020 жылғы деңгейден 13 пайызға төмендеп, 118 мың тоннаны құраған көрінеді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста қатты тұрмыстық қалдықтарының өңдеу үлесі небәрі 8,7 пайыз болған. Бұл –еліміздегі ең төменгі көрсеткіш.Облыста қалдықты бөлек жинау тек 10 елді мекенде, ал, сұрыптау 7 жерде енгізілген.

Былтыр ғарыштық мониторинг аясында аймақта 1329 қоқыс үйінділері анықталды. 2020 жылы олардың саны 1593 болған екен. Бірқатар қалалар мен елді мекендердің әкімдері қоқыс үйінділерін жоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алда да бақылау, қадағалау күшейтілуге тиіс.

Жалпы, орман-тоғайлы, көлді-сулы курортты өңірде экология мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, әр қадам жан-жақты саралануы керек. Мысалы, қалдық өңдейтін зауыттан шығатын иіс, газ-түтіннің әсерін де естен шығармай, оны қай жерге салу жөн екенін мұқият ескеру керек. Өңірде Қопа көлі, сондай-ақ, Бурабай ішіндегі екі көл– барлығы 3 көл тазаланбақ. Оның жобалық-сметалық құжаттары дайындалу үстінде.  Оған 12,1 миллиард теңге қаражат керек. Сол талаптар орындалған соң тазалау жұмыстары 2023 жылы басталмақ. Ал, Қорғалжындағы көлдің маңайына тұнған шыбын-шіркеймен Экология министрлігі емес, басқа мекемелер айналыспақ. Негізі, оған бүркетін биопрепараттар алуға 63 миллион теңге қажет дегенді естіген қорғалжындықтар алаңдаулы.

Оның сыртында облыс бойынша су қоймаларын жаңғырту, қайта салу мәселесі  тұр. Бірқатар, қала, ауылдардан шығарылатын қоқысты төгетін полигондардың жоқтығы да өз алдына үлкен проблема. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс көп жүргізілетіндіктен, шығатын қалдық та көп. Елордадан Павлодар жолы бойына қарай полигон бар. Тек сәл алысырақ. Сол себепті құрылысшылар қалдықты оған апармай, орта жолда қалдырып, қиындық туындатуда. Енді жақыннан жаңа полигон ашу жоспарлануда.

Дәл осындай мәселе Көкшетауда да бар. Бұрынғы полигон толып, жабылған. Бірақ, басқа апарар жер жоқ болғандықтан, қалдық әлі сонда тасылуда. Демек, мұнда да полигон мәселесі шұғыл қолға алынуы керек.

Министрдің сөзінен кейін өңір журналистерінің қояр сұрақтарына да кезек келді. Ондай сауалдардың көп болатындығы алдын ала белгілі еді. Соның ішінде «Көбейтұз көлі қамқорлыққа алынды ма?» деген сұрақтарға дейін қойылып,курортты аймақтағы кейбір «әттеген-айларға» дейін айтылды. Осылайша Серікқали Брекешевпен өткен брифинг өңіріміз үшін экология мәселесінің маңыздылығын тағы бір анық көрсетіп берді.

                             Серік САПАРҰЛЫ,

                                                                                          «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар