Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отан алдындағы борышыңды адал атқарып орал, жас ұлан! - АРҚА АЖАРЫ

Отан алдындағы борышыңды адал атқарып орал, жас ұлан!

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы «Менің Қазақстаным» Ту тұғырында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Әскерге бару – азаматтық парызым» атты жастарды әскер қатарына шығарып салу рәсіміне қатысып, Отан қорғаушы ұландарға сәт-сапар тіледі. Іс-шараға әскери-патриоттық клубтар мен Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштері ардагерлері және әскерге шақырылушылардың ата-аналары қатысты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагерлері мен әскери-патриоттық қозғалысты дамытуға және жасөспірімдерді тәрбиелеугеелеулі үлес қосып жүрген  азаматтардыАлғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, жиын барысында әскерге шақырылушыға қажетті әскери жиынтығы бар арнайы сыйлықтар табыс етілді.Салтанатты жиында  Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар қатарында Ақмола облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті медицина қызметінің бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Берік Тазабекұлы Сәлімбаев, Ақмола облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыс басқармасының психологиялық қызмет бастығы, майор Тұрабай Бекзатұлы Хайрутдинов, Көкшетау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жинақтау бөлімінің мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімшесінің бастығы, бөлімше сержанты Қаһарман Серікұлы Ысқақов,облыстық шақыру комиссиясының офтальмолог дәрігері Гүлжиян Сүлейманқызы Заяц, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола филиалының төрағасы, запастағы лейтенант Орынбек Мамиұлы Сағидолда және тағы басқалары марапатталды.

– Қадірлі ардагерлер, ата-аналар, болашақ сарбаздар, алдымен баршаңызды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанып бара жатқан жастарға сәттілік тілеймін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтып өткеніндей, «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат!». Ата Заңымызда Отанымызға адал қызмет ету және оны қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы екені жазылған. Ежелден батыр бабаларымыз осы кең байтақ даламызды қорғап, бізге мұраға қалдырды. Ақмолалық батырлар Қазақстанның Тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов, Рейгстагқа ту тіккен, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев, биыл 100 жылдығы тойланатын Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, Қазақстанның авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллин өскелең ұрпаққа нағыз ерліктің үлгісі. Біз олардың жолын жалғап, тәуелсіз мемлекет құрып, Қарулы Күштерді қалыптастырдық. Қазіргі заманға сай кәсіби жоғары қабілетті   қуатты әскеріміз бар. Қазіргі таңда екі мыңға жуық ақмолалықтар Қарулы Күштер қатарында өздерінің азаматтық борышын өтеуде. Әскери жоғары оқу орындарында  елуден астам біздің жерлестеріміз өз білімдерін жетілдіруде. Соңғы жылдары ақмолалықтар арасында әскерге барамын деген жастар қатары артуда. Бұл әрине бізді қуантады, – дей келіп, өңір басшысы ел тыныштығын күзетіп, әскер қатарына шақырылған жастарға ақжарма тілегін жеткізді.

Айта кетуіміз керек, салтанатты жиында сап түзеген 35 болашақ сарбаз Маңғыстау облысының Бейнеу кентіндегі 99116 әскери бөлімінің барлаушы полкінің құрамында әскери қызмет атқаратын болады.

Жиын соңында «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ардагерлері» республикалық қоғамдық ұйымының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, запастағы полковник ЖанатМалғаждарұлы Ережепов сөз алып, жастарға ақ батасын берді. Сап түзеген ұландарға аналық ақ тілегін жолдаған Мәрия Жанғожақызының да жүрекжарды сөзі көпті тебірентті.  Сарбаздар атынан сөз алған Рахман Сәрсенбек жиналған қауымға алғысын білдіре келіп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаратынын баса айтты.

Даңқты балаларымыздың жауынгерлік рухын биік ұстап, Отанға адал қызмет етемін деген айбынды Алаш ұлдарына сәт сапар тілейміз біз де!  Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

                   Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар