Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында құс фабрикаларының халі мүшкіл - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында құс фабрикаларының халі мүшкіл

– Себебі жемнің қымбаттауынан жұмыртқаның өзіндік құны шарықтап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
«Қалыптасқан бағада сатуға алдымен антимонополия рұқсат бермейді, одан қалды бәсекеге төтеп беру қиын. Сондықтан шығынға батып жатырмыз. Бұлай жалғаса берсе, құстардан құтылып, өндіріс көлемін азайтуға тура келеді», – дейді кәсіп иелері. Бұл – жылына 320 млн дана жұмыртқа шығаратын еліміздегі ең ірі құс фабрикаларының бірі. Алайда, алып өндіріс ошағының қазір шаруасы шатқаяқтап тұр. Себебі тауықтарға жем тауып беру қиын.
Ал бидайды бұрын көрші елден арзан бағада сатып алса, биыл оның да жолы жабылды. Салдарынан қазақстандық астық қымбаттап шыға келді. – Мәселен, қазір Ресейде бидайдың келісі 90-95 теңге болса, ал бізде 150 теңгенің маңайында. Бірақ соның өзін табу қиын. Осылайша жұмыртқаның өзіндік құны өсті. Бірақ ол бағада сата алмаймыз. Сөйтіп әр жұмыртқадан қазір 7-8 теңгеге шығынға батып жатырмыз. Бұлай жалғаса берсе, банкрот болуымыз мүмкін, – дейді құс фабрикасының директоры Борис Оздоев. Ал жазға қарай жұмыртқаға сұраныс азаяды. Соған қарамастан аймаққа Ресейден арзан өнім қаптап кіреді.
Бұл да «жығылғанға жұдырық» болмақ. Фабриканы құрдымға кетірмеу үшін мұндағылар енді құстың санын ай сайын 10 процентке азайту жайлы шешім қабылдап отыр. Себебі қандай қиын жағдай болмасын, кәсіпорынды сақтап қалу қажет. – Қызметкерлерді қысқарту әзірге жоспарымызда жоқ. Бізде 250 адам еңбек етеді. Бірақ олар да барлық өндірістегі мамандар секілді жалақының көтерілгенін қалайды, жүйелі түрде сыйақы алғысы келеді.
Бірақ ол қазір өкінішке қарай мүмкін емес, – деп атап өтті Борис Оздоев. Фабрика басшылығы енді мемлекеттен қолдау күтеді. Айта кету керек, елімізде биыл құс фабрикаларына берілетін субсидия да тоқтады. Ал жауапты басқарма өкілдері, қазіргі қиын жағдайды ескере отырып, аталған қаржылай қолдау қайта жалғасатынын айтады. Одан бөлек, жем алуға да жәрдем жасалмақ. – Азық-түлік корпорациясы арқылы 117 мың теңге 1 тонна бағамен жем беріледі.
Қазіргі таңда нарықтағы баға 150 мың, 160 мың теңгеге дейін барып жатыр. Сол себептен, ол, былай қарап тұрса, 25 пайызға арзандатылған жем болады, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі Қайрат Көшенов. Ақмола облысында 4 бірдей құс фабрикасы бар еді. Бірақ оның біреуі былтырғы жылдың соңында банкротқа ұшырап, жабылып тынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар