Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс! - АРҚА АЖАРЫ

Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!

Кеше облыс әкімі Ермек Маржықпаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған Көкшетау қаласындағы салтанатты шараға қатысып, майдан даласында және тылда ерлік көрсеткен ардагерлерді, барлық облыс жұртшылығын құттықтап сөз сөйледі. Салтанатты шара барысында даңқты жерлестеріміз Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне және Талғат Бигелдиновтың мүсініне, Мәңгілік алау обелискісіне гүл шоқтарын қойды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, өңірде Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті. Облыс орталығының Абылай хан алаңында «Ер есімі-ел есінде!», «Бейбітшілік терезелері», «Жеңіс» музыкалық акциялары, облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының орындауындағы «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» тетарландырылған қойылым ұсынылды. Онлайн-форматта «Батырлаға тағзым» акциясына да облыс тұрғындары белсенді қатысты.

Салтанатты іс-шара облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне және Талғат Бигелдиновтың мүсініне, Мәңгілік алау обелискісіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Облыс басшысы өзінің құттықтау сөзінде қазақстандықтардың, оның ішінде ақмолалықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесін ерекеше атап өтті. Ұлы Отан соғысында 71 ақмолалық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

«Жеңіс күні-бұл біздің халқымыздың ұлы жетістіктерге қабілетті екенін еске салатын мереке. Біздің отандастарымыз барлық маңызды шайқастарға қатысты. Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен даңқты батыр – ардагерлеріміздің батылдығы мен батылдығын әрдайым есте сақтайтын боламыз. Өйткені, олардың ерлігінің арқасында, бүгінгі күні бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Біздің бақытты болуымыз үшін көптеген боздақтар қыршын жанын қиды. Ұлы Жеңіске жетіп, соғыстан кейін күйзелген елді көтеруге атсалысқан азаматтардың жарқын бейнелерін құрметпен еске алып, бас иеміз. Әрбір қазақстандық үшін бұл мереке ерлік дәстүрлерінің сабақтастығымен, бейбітшілікті сақтау үшін ерлік пен батырлықтың көрінісімен тығыз байланысты», — деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев өз сөзінде.

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай орталық алаңда облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» театрландырылған қойылым ұсынылды. Көкшетауда қалған жалғыз соғыс ардагері Казимир Беймартқа салтанатты түрде «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Ақ көгершін», «Катюша», «Огонек», «В землянке», «День Победы», «Эх, дороги», «Смуглянка», «Синий платочек», «Три танкиста» халық әндері шырқалды. Сондай-ақ, отандық танымал эстрада әншісі, актриса Айгүл Иманбаева мен «АІ театр» шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасы да мерекенің шырайын келтірді.

«Жеңіс күні-ұрпақтарды біріктіретін мереке. Бұл күні біз әкелеріміз бен аталарымыздың өшпес ерлігін еске аламыз. Олардың ерліктерінің арқасында біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз, қуатты және тәуелсіз Қазақстанды құрып жатырмыз, еліміздің жарқын болашағына сенеміз. Біздің міндетіміз — өзінің бірлігі мен ұйымшылдығымен, еңбекқорлығымен және жанқиярлығымен, Отанға деген керемет махаббатымен бізге бейбітшілікті, бостандық пен тәуелсіздікті қамтамасыз еткен халықтың ерлігін есте сақтау», — деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.

Жалпы, Ақмола облысынан майданға 90 мың адам аттанды, оның ішінде 37 мыңнан астамы ғана оралды. Қазіргі таңда облыста 10 соғыс ардагері тұрып жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар