Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күрмеулі мәселелер де жоқ емес - АРҚА АЖАРЫ

Күрмеулі мәселелер де жоқ емес

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жарқайың ауданының әкімі  Жанболат Хамитовтың қатысуымен «Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде аймақтың дамуы» тақырыбында брифинг болып өтті.  Жиын барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндалды.

Аудан әкімі  өз сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы нақты міндеттердің орындалу барысы, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында ел өміріндегі түйткілді мәселелердің түрлі шешімдерін нұсқап, ел экономикасын, серпінді дамыту бойынша зор міндеттер жүктеп, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды. «Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз  алдымызға  биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік» – деп, Президентіміз өз Жолдауында айтып кетті.  Бұл – жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңа жетістіктерге ұмтылысқа нық қадам деп есептейміз.

Жолдау – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым салалары бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға серпін берді. Осыған байланысты еңбек нарығы, өнеркәсіп, қаржы, Білім және ғылым, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес салаларында негізгі міндеттер белгіленді. Жарқайың ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты сипатқа ие болуда. Аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру және экономикалық өсу бойынша шаралар қабылдануда. Ауданда «Қазақстан халқына» республикалық қорының негізінде «Бірлік – Жарқайың» қоғамдық қоры құрылды. Қордың басты мақсаты қоғамға әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады. «Бірлік – Жарқайың» қорына жинаған қаражат азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына материалдық көмек көрсетуге, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге және тағы басқа күрмеулі мәселелерді шешуге бағытталатын болады, сондай-ақ, қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға қатысатын болады. Қазіргі таңда біз Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарды басты бағытқа алып, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді тиімді іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз, – деп бастады сөзін аудан әкімі Жанболат Хамитов.

Экономикалық өсу қарқынына әсер ететін маңызды факторлардың бірі инвестициялар тартудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру болып табылады. Ауданда инвесторлардың өзекті мәселелерін қарау және шешу үшін ашық диалог алаңын құру арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ауданның негізгі капиталына 495,4 миллион теңге инвестиция тартылды.

Жарқайың ауданында жеке тұрғын үйлерді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ғимараттарды салу және іске қосу белсенді жүргізілуде. Тарқатып айтар болсақ, 2022 жылдың 1 тоқсанында құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 7,0 миллион теңгені немесе 22,4 пайызды құрап отыр. Ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 185. Онда үш мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Биыл 616 жаңа жұмыс орны ашылды. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында бөлшек тауар айналымының көлемі 464,1 миллион теңгені құрап отыр. 2022 жылдың 1 тоқсанында аудан кәсіпорындары 597,4 миллион теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер шығарды және қызметтер көрсетті.

Жарқайың ауданы облысымыздың астық өсіретін ең ірі өңірлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1 062,2 миллион теңгені құрап отыр. Ауданда шешімін күтіп тұрған мәселелер де аз емес. Соның бірі тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, апатты күйдегі мектеп мәселесі,  ауылдағы жол сапасы, тағы басқа өзекті мәселелер  өз шешімін күтуде. Жиын соңынада аудан әкіміне журналистер сұрақтар қойып,  күрмеулі мәселелер де қамтылды.

  Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар