Бұл тұралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауданы әкімі Нұрлан Сейілов мәлім етті. Аудан әкімінің айтуынша, жыл басынан бері ауданда 2 миллиард 523 миллион теңгенінің ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру үшін биыл Астрахан ауданына республикалық бюджеттен 64,3 миллион теңге қаржы бөлінді. Осы қаржы есебінен 14 маман бюджеттік несие, 20 маман бір реттік көтермеақы алады.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 21-ші ақпаны мен 11-ші наурыз аралығында жас және кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге тегін гранттар алу байқауы өткізілді. Бұдан бөлек, «Ауыл-ел бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 467,5 миллион теңге бюджеттік қаражат бөлінді. Оның 435,8 миллион теңгесі республикалық қордан, 31,7 миллион теңгесі облыстық бюджеттен. Сонымен қатар, ауданға 2 миллиард 722 миллион теңге инвестиция тартылып отыр.
«Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Астрахан ауданы тұрғындарының орташа айлығы 178 828 теңгені құрады. Биылғы жылдың басынан бері бұл көрсеткіштің біршама өскені байқалады. Яғни, нақты жалақы индексі 106,3 пайызға жетті», — деді аудан әкімі Нұрлан Сейілов.
Сонымен бірге, аудан әкімі өңірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Абылайхан ӘШІМХАН.