Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Отты жылдар жаңғырығы - АРҚА АЖАРЫ

Отты жылдар жаңғырығы

Жуырда Краснояр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар болып өтті. Алдымен, «Тарихқа тағзым» атты тарихи-танымдық кеш өткізілді. Кештің мақсаты оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болып табылады. Оқушыларды Ұлы Отан соғысының отты жылдарымен, қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу де назарға алынған.

«Тарихқа тағзым күні» туралы тарих пәнінен өтетін ашық сабақтарда да оқушыларға көп айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кеш қонақтары Мәлік Ғабдуллин музейі және Көкшетау қаласының тарих музейінің қызметкерлері де бұл тағылымды шараға жете ықылас танытты. Кеште  бір минуттық үнсіздікпен ардагерлер еске алынып, Жеңіс әндері шырқалып, өлеңдер оқылды. Көкшетау қаласының тарих музейі «Отты күндер ер есінде, Жеңіс күні ел есінде» атты фото көрме ұйымдастырды. Фото көрменің мақсаты – бұрынғы Көкшетау ауданынан майданға аттанған 40 мыңнан астам адамның ерлік жолын паш ету. Біздің жерлестеріміз атқыштар бөлімдері мен танк, артиллерия және авиация бөлімдерінде зұлым жауға қарсы жан аямай соғысты. Атақты генерал-майор Иван Васильевич Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясында Мәскеуді қорғаған майдангерлеріміз де көп. Олар Днепр, Днестрді өтті, Украина, Белоруссияны азат етуге қатысты, Польша, Венгрия, Румыния, Чехославакияның аумағынан жауды қуды, ақыр соңында Берлин көшелерінде салтанатты маршпен өтті, Қызыл алаңда Жеңіс шеруіне қатысты.

Көрме барысында соғыс жылдарында Көкшетауға эвакуациямен келген Подольск қаласының іс машина зауыты, №621 құпия зауыт, онда шығарылған еліміздің қорғанысына қажетті заттар, қару-жарақтар және ақмолалық және көкшетаулық батырларымыз Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Федор Глинин, Мария Кухарская, тағы басқа туралы мағлұмат беріліп, қаламызда болған әскери госпитальдар онда істеген медбикелер жайлы айтылып, Көкшетау қаласының Ұлы Жеңіске қосқан зор үлесі де кең қамтылды.

Ал, Мәлік Ғабдуллин музейі Мәлік атамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы фотокөрмемен ерекшеленді. Оқушыларға осы фото көрмедегі Ұлы Отан соғысы ерлерінің ерліктері мен шығармашылығы өте қатты ұнады.

Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалған, Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық атанған ауыр жол, кешкен азапты халқымыз ешқашан да ұмытпайды. Сұрапыл жылдардың ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады.

Серік ЫСҚАҚОВ,

Краснояр №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар