Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әркімнің білікті заң көмегін алуына құқығы бар - АРҚА АЖАРЫ

Әркімнің білікті заң көмегін алуына құқығы бар

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету – Қазақстанныңқұқықтық кепілі.Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғай алады.Сондай-ақ, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

Заңда көзделген реттер бойынша заң көмегі тегін көрсетіледі. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында айтылған. Қазақстанның құқықтық негізі өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білікті заңгерлік көмек алу үшін әрбір қазақстандықтың конституциялық құқығына кепілдік береді, сондай-ақ, мемлекеттің мүдделерін әлемдік аренада ұсыну және қорғауға мүмкіндік береді.Азаматтарымызға білікті заң көмегін көрсетуде адвокаттық, нотариаттық кеңселер, жеке сот орындаушылары, сот сарапшылары, заң кеңесшілері институты өте маңызды.

Конституциясымызда көрсетілгеніндей, әрбір азаматтың құқығының қорғалуына кепілдік берілген. Өкінішке орай, әр түрлі жағдайларға байланысты барлық азаматтар ақылы заңгерлік кеңес немесе адвокаттық қызмет ала алмайды, сондықтан, әлемдік тәжірибеде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың әр түрлі нысандары бар. Мұндай жағдайларда азаматтарға мемлекет кепілдендірілген заң көмегін тегін, яғни мемлекет есебінен береді.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процестер барысында ұсынылады. Ол оны алуға құқығы бар жеке тұлғаларға көрсетілуі мүмкін. Мемлекеткепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы аумақтық әділет органдары уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Сондай-ақ, аталған заң көмегі құқықтық ақпараттандыру және құқықтық консультация беру, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру, жеке сот орындаушыларының алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауы бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдау түрінде көрсетіледі.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, сондай-ақ, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары көрсетеді.Егер өтініш беруші оны алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаған және өтініш берушінің өтініші құқықтық сипатта болмаған жағдайларда, құқықтық консультация беру, қорғау және өкілдік ету түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.

2020 жылдан бастап елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясатына сәйкес мемлекет кепілдік берілетін заң көмегі жүйесіне «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі енгізілді.Ақпараттық жүйені іске қосудың негізгі мақсаты халыққа білікті заң көмегін, сондай-ақ,оны қамтамасыз ету бойынша адвокаттық қызмет пен заң кеңесшілер қызметін автоматтандыруды жеңілдету болып табылады және осы мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу санатына жататын азаматтар адвокатты немесе заң кеңесшісін «Е-Заң көмегі» АЖ бойынша біліктілігі мен тәжірбиесіне сәйкес таңдау мүмкіндігіне ие болады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың тағы бір нысаны – кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету.Азаматтардың конституциялық құқығын іске асыруда білікті заң көмегін алу, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға тегін негізде заң көмегін алуға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.Заңда азаматтардың адвокаттардан да, заң кеңесшілерінен де «Pro bono» тәжірибесі бойынша тегін және толық сүйемелдеумен білікті заң көмегін алуы көзделген.

Оған қоса, кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетілуі мүмкін. Алдымен, ол «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, жасына байланысты зейнеткерлерге, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге көрсетіледі.

Қазіргі уақытта мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету керек.Бұл ретте, азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету құралдарының бірі өтеусіз негізде көрсетілетін кешенді әлеуметтік заң көмегі.Кешенді әлеуметтік заң көмегін енгізу еліміздің азаматтарын әлеуметтік қолдаудың пәрменді әдістерінің бірі болып табылады.

Тоты БЕРЛІБЕКОВА,
Ақмолаоблыстық әділетдепартаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету
бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар