Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Медбикенің жұмысы – қарбалас жұмыс - АРҚА АЖАРЫ

Медбикенің жұмысы – қарбалас жұмыс

Ақ желеңді абзал жандар –адам жанының арашашысы. Солардың ішінде «медбикелердің қызметінің күрделілігі неде?», «болашақ медбикелер қандай қиындықтарға дайын болуы керек?» деген тұрғыда Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлімінде 35 жылға жуықжемісті еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман ГүлнәрБалғазықызы Рахымованы әңгімеге тартқан едік.

– Әлемдегі ең әдемі киім меніңше, сіздер киетін ақ қалпақ, ақ халат. Медицина қызметкерлерінің қолында әлемдегі ең құнды кілт – адам денсаулығының кілті жүреді. Бұдан асқан мейірімге толы жұмыс бар ма? Осы жөнінде не ойлайсыз?

– Расында, медбике – ең асыл мамандықтардың бірі. Ол әрдайым сабырлы және мейірімді болуы керек. Өйткені, біз айналысатын іс науқастың ауруын, соған орай туындайтын қайғы-мұңын жеңілдетеді. Сонымен қатар, мені адамдармен қарым-қатынас қызықтырады, олар бізге денсаулығы мен өмірін сеніп тапсырады. Сондықтан, менің мамандығым ең қызықты, қажетті және маңызды деп санаймын! Меніңкөмегім адамдарға қажет екенін есіме алсам, өмірімнің қаншалықты маңызды екенін түсінемін.

– Сонда сіз атқаратын жұмыстың күрделілгі неде?

– Мен өзім үшін ешқандай қиындық көрмеймін. Өз міндеттерін нақты білетін медбике үшін жұмыста ешқандай кедергі жоқ. Иә, кейде сырқаттанушылардың өздерінен де туындап жататынмәселелер болады. Мысалы, кейбіреулері ауруханаға мас күйінде түседі. Олар шу шығарып, басқалармен ұрысуы мүмкін. Оған қоса, бізге тұрғылықты жері жоқ адамдар жиі келеді. Бұл да жұмысымызға белгілі бір кедергі келтіреді. Сондықтан, әсіресе, жедел жәрдем бөлімінде жұмыс істейтін медбике мұндай стресстік жағдайларға төзімді болуы керек.

–Ондайнауқастарға не айтар едіңіз?

– Әсіресе, әдептілікережелерінұмытпаукерек, өздеріназаматқалайықтыетіпұстапжәнешыдамдылық танытқан жөн. Біріншікезектекөмеккемұқтажнауқастар бар, ал,кейбіреулеріөзінбәріненмаңыздысанап, дереукөмекталапетіп жатады. Бұл әбестік. Сондықтан,ондайларсабырсақтаса деймін.

– 35 жылға жуық медбикелік өміріңіздегі есіңізде қалғанкейбіржайттармен бөліссеңіз?

–2018 жылыосы біздің облыстың аумағындажолапатыболып, онда Өзбекстан мен Тәжікстаназаматтарызардапшекті. Солкезде біздің аурухананыңқабылдаубөліміәскеригоспитальғаұқсапкетті. Сонда мен қызметкерлеріміздіңкүші-жігері мен қуатына, бригадамыздыңынтымақ-бірлігінеайқын көзімжетті. Бізгебасқабөлімшелердендәрігерлер мен басшылық такөмеккекелді.

– Қазіргі медбикеболудыармандаған жастар алдымен, неніескеруікерек?

– Әрине, ақ халат пен қалпақ кию өтеәдемі.Медбикемамандығынтаңдап, диплом алғандарүшіноқу аяқталмайды. Оларбарлықеңбекқызметібарысындаөзбілімінарттырудыжалғастыруы тиіс. Жұмыс қиын, ұйқысыз түндер мен стресс. Отбасы былай қалады, қазіргі жастар жақсы көретіндей интернетте отыруға мүмкіндік болмайды, өйткені, медбикенің бүкіл уақыты науқасқа арналған, соларда қабылдау, емдеу шараларымен өтеді. Соны түсіну керек.– Жалпы, бір байқағаным, медицина қызметкерлері сирек демалатын сияқты, сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

– Мүмкіндік болса, отбасыммен табиғатқа шығып, таза ауа жұтып,дем алғанды жақсы көремін. Әрине, күні-түні жұмыста болғандықтан, демалыста ұйқымды қандыруға тырысамын, өйткені, біздің жұмысымызда толыққанды ұйықтайтын мүмкіндік жоқ қой.Қалай десек те, науқастарға көмек қолымды созу арқылы өзімді жан-жақты маман ретінде сезінемін.

– Жағымды әңгімеңіз үшін көп рахмет! Сізге жемісті еңбек тілейміз!

Әңгімелескен Алма СЫРЫМБЕТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар