— Жәнібек Әлімханұлы жойқын соққымен қарсыласын қиратып тастады. Америкалық сарапшы Дэн Рафаэль боксшының бүгінгі өнеріне осындай баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Тамаша өнер көрсеткен Жәнібек Әлімханұлы Дэнни Дигнумды екінші раундта жойқын соққымен нокаутқа түсіріп, WBO тұжырымы бойынша бос орта салмақтағы уақытша титулды жеңіп алды. Алғаш рет ESPN арнасында Top Rank тізімінің басына орныққан Әлімханұлы өзінің сөзсіз айқын жеңісін керемет көрсетті: Лас-Вегаста ол қарсыласын қиратып, жылдың ең үздік нокауты аталымына толығымен лайықты нокаут жасады» ,
— деп есептейді Рафаэль.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста Дэнни Дигнумды екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» чемпион титулын жеңіп алды.
https://www.youtube.com/watch?v=opOjtOj_v34&feature=emb_imp_woyt