2022 жылдың 18-20 мамыр аралығында Алматы қаласында, 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» IV Республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Оған 7 ақмолалық оқушы қатысты.
Өткізу орны «Қазақстан» санаторийі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп- интернаты.
Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің қорытындысы бойынша:
1. Аудақызы Ырыскул – Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының №1 ЖОББ мектебінің 11 сынып оқушысы – күміс медалімен марапатталды;
2. Жылқыбай Айсара – Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 10 сынып – күміс медалімен марапатталды;
3. Дулатова Алуа – Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медалімен марапатталды;
4. Каримжанова Айнур – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 ЖОББ мектебінің 11 сынып оқушысы – грамотамен марапатталды;
5. Омирбек Мадина – Ақкөл ауданы бойынша Новорыбин ауылының мектеп-балабақшасы 9 сынып оқушысы, Ибрагимов Бауыржан – Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының ЖОББ мектебінің 10 сынып оқушысы, Ганибаева Улболсын – Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы ЖОББ мектебінің 9 сынып оқушылары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының Алғыс хатымен мараптталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша: олимпиаданың негізгі мақсаты — М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.