Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдағы референдумды түсіндіру мақсатын көздеді - АРҚА АЖАРЫ

Алдағы референдумды түсіндіру мақсатын көздеді

Жуырда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде референдум мәселелерімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова кездесу өткізді.

Онымен бірге кездесуде экономика ғылымдарының докторы, Парламент Сенаты V-VІ шақырылымының депутаты Анатолий Башмаков та болды. Бұл кездесу Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ашылған Бірғаным Сарықызы Әйтімованың атындағы аудиторияда өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде университет ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі Сағынтай Елубаев кездесудің зор тәрбиелік мәні барын атап өтті. Сонымен бірге бұл шара, Ата Заңымызға өзгерістер енгізілетін Бүкілхалықтық референдумның қарсаңында өткізіліп отыр. Арнайы аудиторияны да аша  отырып, оқу орнының басшылығы студент жастар Бірғаным Сарықызындай ел қалаулысынан өнеге алсын деп ұйғарды. Бүгінгі таңда да ел игілігі үшін қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген экс-сенатор жастарға отансүйгіштіктің, халық үшін қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді.

–Конституция біздің әрқайсымызға қатысты өмір заңы, бұрын қабылданған заңдар қайта қарауды қажет етеді. Өйткені, уақыт бір орында тұрмайды. Ойластырылып жатқан шаралар – ертеңгі болашақтың мүддесі. Сондықтан, референдумға қатысу әрбір азаматтың басты борышы, – деп атап өтті өз сөзінде Бірғаным Сарықызы.

Тарих ғылымдарының докторы Р.Бұқтығұтова жетекшілік ететін «Рухани жаңғыру» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттер қонақтарға референдум туралы берген толыққанды ақпараттары және университетке арнайы сапарлап келгендері үшін алғыстарын білдіріп, қоғамдық-саяси маңызды зор шараға белсене қатысатындықтарын мәлімдеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар