Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азат елдің айбынды әскеріміз - АРҚА АЖАРЫ

Азат елдің айбынды әскеріміз

Көкшетау қаласында орналасқан  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімі 1995 жылы жеке батальон ретінде құрылған болатын. Биыл әскери бөлімнің қүрылғанына 27 жыл толып отыр. Бөлім жаңа құрылған кезде тек қана Көкшетау қаласы бойынша қоғамдық тәртіпті күзету қызметін атқарған еді. 

Сол ширек ғасырдан астам уақыт ішінде біздің әскери бөлім елімізбен бірге жан-жақты дамып, нығайып келеді. Әскери бөлімнің штаттық құрылымы да ұлғайып, жүктелген міндеттер де еселенді. Атап айтсақ, бөлімнің жеке құрамы Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, сотталғандарды күзету және қадағалау, соттарда сотталушыларды күзету, сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдауылдау, сондай-ақ, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою сияқты міндеттерді сәтті орындауда.

27 жылдың ішінде бөлім жауынгерлік әзірлігін жоғары ұстауда, әскери саладағы  дағды-машықтарды жетілдіру мен қатаң тәртіпті орнатуда, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді үлгілі орындау ісіне өздерінің баға жетпес үлесін қосқан мыңдаған әскери қызметшілер өткен.

Әскери қызметшілерге жасалған әлеуметтік жағдайға келетін болсақ, ең алдымен әскери қызметшілердің ақшалай еңбекақысы жоғары деп айтуға болады. Былтыр және биыл офицерлерге 23 пайыз, ал келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерге 19 пайыз жалақылары көтерілді. Келесі жылы да дәл осындай пайызға көтерілмек. Қазіргі уақытта еліміздің әлеуметтік тұрғыдағы басты мәселесі – баспана. Бұл тұрғыда да әскерилер үшін көп көмек көрсетілуде. Әскери қызметші және оның отбасы мүшелерінің бәріне тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй төлемақысы төленеді. Егер әскери қызметші басқа қалаға ауысса, әскери қызметшінің өзіне және отбасы мүшелеріне көтермеақы төленеді. Сонымен қатар, әскери қызметші сырқаттанып қалса, әрбір емделген күндеріне жалақы жүре береді. Сондай-ақ, әскери қызметші және оның отбасы мүшелері үшін бөлімнің медициналық пунктіндегі дәрі-дәрмек тегін беріледі. Жыл сайынғы демалыс кезінде екі айлық жалақы есебінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленумен қатар, айлық жалақы да төленеді. Әскери қызметшілер үшін тағы да бір өзекті мәселе ол – балаларын балабақшаға және мектептерге орналастыру. Бұл мәселе де әскерилер үшін оңтайлы шешімін тауып отыр. Әскери қызметшілердің балалары мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріне кезектен тыс қабылданады. Қазіргі таңда келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерге бос лауазымдарға қабылдау жүріп жатыр. Осы орайда, ел қорғаны боламын деген жастар болса, оларды жұмысқа шақырамын.

Жасырары жоқ, бүгінде әскерге барамын дейтін жастар қатары сиреп жатыр. «Әскерге барудың еш қажеті жоқ» деп есептейтін жастар көп. Оның бірден-бір себебі, Қазақстан Республикасы дербес мемлекет болып, қай салада болса да көптеген қиындықтарға тап болған кезде жаңа  ғана құрылған Қарулы Күштерінің де жағдайы мәз емес еді. Сауатты кадрлардың тапшылығы, жалақының аздығы, материалдық жабдықтың жоқтығы, Кеңес үкіметі кезіндегі «әлімжеттік» сияқты фактілер Армия беделіне көп нұсқан келтірді. Жастарға да олардың ата-аналарына айтарым, қазіргі таңда бәрі де басқаша. Материалдық-техникалық база нығайып, білімді әрі білікті кадрлар қатары көп. Жастарға да, олардың ата-аналарына айтарым, өзім қызмет атқарып жатқан 5510 әскери бөлімінде, басқа да әскери бөлімдерде қазіргі уақытта «әлімжеттілік» деген ұғым мүлдем жойылды деп сеніммен айта аламын. Оған дәлел, біздің әскери бөлімде өзім қызмет атқарып жүрген соңғы 5 жылда сарбаздардың арасында  ешқандай «әлімжеттілік» фактілері орын алған жоқ. Сарбаздар әскери борышын 1 жыл ғана өтейді. Жарты жыл оқып-үйренумен уақыт өтсе, жарты жыл жауынгерлік қызмет атқарады. Бастарына жаман ойлар кіруіне, теріс қылықтар жасауына уақыт болмайды. Қазіргі уақытта кадрлар тапшылығы да оңтайлы шешімін тапқан мәселе. Сонымен қатар, әрбір сарбазға офицерлер және келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер, әйел әскери қызметшілер тәлімгер ретінде бекітілген, олар сарбаздармен күнделікті әңгімелесіп, хал-жағдайларын біліп, барынша көмек көрсетіп тұрады.

Әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы анағұрлым жақсарды деуге болады.  Сарбаздармен әскери пәндердің барлық түрлерінен сабақтар мықты әдістемелік тұрғыда өткізіледі. Оған қажетті оқу құралдары мен әдебиеттер де жеткілікті.

Сарбаздардың киетін киімдері де заман талабына сай. Тамақтануы да ойдағыдай, өзіміз тәуліктік кезекшілікке түскенде, өздеріміз сарбаздармен бірге тамақтанамыз. Сарбаздар күніне 3 мезгіл әскери азық үлесіне сәйкес тамақтандырылады. Ас мәзірінде: ыстық тамақтан бөлек жемістер мен көкөністер, жұмыртқа, шұжық пен ірімшік, бал және басқа да тәтті тағамдар болады. Ал, мерекелік күндері  сарбаздарға үйдегідей бауырсақ, қазақша ет сияқты ұлттық тағамдар әзірленіп тұрады.

Жастарға айтарым, әскер шипажай емес, ол – батыр бабаларымыз күні-түні ат үстінен түспей, біздер үшін қорғап, аманат қылып тапсырған кең байтақ жерімізді сыртқы жаулардан қорғауға тәрбиелеп, даярлайтын өмір мектебі. Онда қиыншылықтар мен ауыртпашылықтар болып тұрады. Соған мойымай, төзе білуіміз керек. Жігіт болған соң, жауынгер ата-бабамыздың ерлік дәстүрлерін жалғастырмау бізге сын.

Отбасымызға амандық, Отанымызға тыныштық тілеймін. Жеріміз гүлденіп, еліміз өркендей берсін!

                                                      Азамат СМАҒҰЛОВ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскерибөлімінің командирі,  подполковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар