Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Референдумдағы халықаралық байқаушыларды тіркеу 30 мамырға дейін жалғасады - АРҚА АЖАРЫ

Референдумдағы халықаралық байқаушыларды тіркеу 30 мамырға дейін жалғасады

– Қазақстанда өтетін референдумға жүзден астам халықаралық байқаушы аккредиттелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Референдумда шетелдік ұйымдар миссиясының халықаралық байқауға қатысуына үлкен мән береміз. Бұл еліміз үшін маңызды оқиғаға шетелдік серіктестердің де қызығушылығын көрсетеді. Орталық референдум комиссиясының отырыстарында қаралған алғашқы мәселелердің бірі – халықаралық бақылау институтын ашу болды. Қазіргі уақытта 100-ден астам бақылаушы аккредиттелді.

Оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының өкілдері де бар», – деді Нұрлан Әбдіров Сыртқы істер министрлігінде өткен жиналыста. ОСК төрағасы қазіргі уақытта ТМД, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, түркі мемлекеттері ұйымы байқаушыларының миссиялары аккредиттелгенін атап өтті. «Бүгінде 17 мемлекеттің делегация өкілдері аккредиттелді. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 30 мамыр күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады», – деді Н. Әбдіров.

Сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, республикалық референдумға елден тыс учаскелерді қоса алғанда, барлығы 10 012 учаске тартылатын болады. Тізімге 11 млн 722 мың 536 азамат енгізілді. 20 мамырдан бастап азаматтарға осы тізімдерде өздерін тексеруге мүмкіндік берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар