Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2023 жылды «Ауыл жылы» деп атау ұсынылды - АРҚА АЖАРЫ

2023 жылды «Ауыл жылы» деп атау ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев келер 2023 жылды «Ауыл жылы» атауды ұсынды.

Оның айтуынша, бұл атау бұған дейін 2003 жылы ұсынылыған.

Бұрын  «келешегі жоқ ауылдар»  деген әңгіме шығып еді. Меніңше, ол қате үрдіс. Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ол кездесуге мен де қатыстым. Мен Президентке өз ұсынысымды айттым. Біз 2003 жылы «Ауыл жылы» деген жоспар құрғанбыз. Содан бері келер 2023 жылы 20 жыл толайын деп отыр. Осыған орай фермерлердің атынан Қасым-Жомарт Кемелұлына ұсыныс жасадым. Мүмкіндік болса 2023 жылды «Ауыл жылы» деп қайта бастама көтерсек, Жаңа Қазақстанды ауылды жаңғыртуды бастасақ деген ойларымыз бар, — деді Жигули Дайрабаев.

Фермер қауымдастығының сөзінше, ел бойынша 200 млн гектар жайылым жер бар.

Бүгінде 22 млн гектардан астам егістік жер егеміз оның ішінде 2,5 гектар жері суармалы жерлер. Дегенмен, азық-түліктің көбін сырттан алып келіп отырмыз. Бәрін жаман деп айтудан аулақпыз. Сонда да ауыл шаруашылығында аз-кем кемшіліктер бар. Алайда, ауыл шаруашылығын дамытуда бізде потенциал өте жоғары екенін айтқым келеді, — деді ол.

Сонымен қатар Дайрабаев келер айдағы референдумға бәріміз бір кісдей ат салысып, бірлігімізді көрсетуіміз керек екенін атап өтті.

Бұған дейін Жигули Дайрабаев референдумның маңызын әр қазақстандық жете түсінуі қажет екенін айтқан еді.

Олжас АДАЙ
Фото: Сырым РАХИМБЕКОВ

https://baq.kz/2023-zhyldy-auyl-zhyly-dep-atau-usynyldy_279209/

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар