Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында облыс прокурорының орынбасары Ж.Б.Бердіқұловтың, құқық қорғау, уәкілетті органдар өкілдерінің және кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес мәселелері қаралды.
Зияткерлік меншік, салық салу, мәмілелерді жарамсыз деп тану тәжірибесі, сондай-ақ мемлекет Басшысының тапсырмаларын ескере отырып, алдағы жұмыс мәселелері талқыланды.
Кездесуде бақылау-қадағалау органдарына кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу және Кәсіпкерлік кодекс нормаларын мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы қосымша ескертілді.
Жалпы, бизнесті қорғау мәселесі Ақмола облысы прокуратурасының ерекше бақылауында.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі