Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Саяси жүйемізді реформалау алдағы уақытта да кезең кезеңімен жалғаса береді – Әшімбаев - АРҚА АЖАРЫ

Саяси жүйемізді реформалау алдағы уақытта да кезең кезеңімен жалғаса береді – Әшімбаев

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысында айтты.

Алматыны қазақ зиялыларының қарашаңырағы десек, артық бола қоймас. Әлі күнге дейін ғылым, әдебиет, мәдениет, руханият саласындағы тұлғалардың көбі осы қалада шоғырланған. Сондықтан Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысын Алматыда өткіздік. Зиялы қауымның қашанда елдің сөзін сөйлеп, ұлттың жоғын түгендеп жүретіні белгілі. Бұл жолы да елдік мәселе, төл құндылық, әдебиет, өнер және тағы басқа маңызды салалар бойынша ашық әңгіме болды. Әсіресе, мемлекеттік тіл, ұлттық идеология, жастар тәрбиесіне қатысты орынды мәселелер көтеріліп, ұтымды ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта оның бәрін өз жұмысымызда ескереміз, — деп жазды Сенат төрағасы.

Кездесуде Ұлықбек Есдәулет, Жүрсін Ерман, Болат Әбділманов, Кенжехан Матыжанов, Сәкен Майғазиев, Ринат Зайытов және тағы басқа азаматтар тарихи сананы жаңғыртатын және ұлттық болмысты ұлықтайтын басым бағыттарға назар аударды.

Отырысқа қатысқандар елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардан да қалыс қалмай, Президентіміздің бастамалары жөнінде өз пікірлерін білдірді. Олар конституциялық өзгерістер елдік пен егемендікті нығайтудың аса маңызды тетігі екенін айтты. Шын мәнінде, ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, заң үстемдігін орнатуды, адам құқығын қорғауды, азаматтардың бәріне бірдей тең мүмкіндік жасауды көздейтіні белгілі. Бұл бүгінгі реформалардың өзегі десек те, қателеспейміз. Жаңа нормалар Парламенттің рөлін және оның халық алдындағы жауапкершілігін арттыруды да мақсат тұтады. Сондай-ақ осы өзгерістер арқылы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың дербестігі арта түспек. Саяси бәсекелестікті күшейтуге және билік монополиясын жоюға арналған бірқатар маңызды түзету де ұсынылғаны мәлім, — деді ол.

Әшімбаев бұл жұмыс Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейтіні түсінікті екенін айтты.

Мұндай кешенді түзетулер Қазақстанды демократиялық, құқықтық, әділетті, әлеуметтік мемлекет ретінде нығайтуға арналған. Бұл жұмыс Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейтіні түсінікті. Саяси жүйемізді реформалау алдағы уақытта да кезең кезеңімен жалғаса береді. Ос ретте еліміздің зиялы қауымы бұл бағыттағы бастамалардан тыс қалмай, ұлттық мүдде жолында әрдайым белсенділік танытатынына ешқандай күмән жоқ, — деді Әшімбаев.

Дереккөз: https://baq.kz/sayasi-zhuyemizdi-reformalau-aldagy-uaqytta-da-kezen-kezenimen-zhalgasa-beredi-ashimbaev_279408/

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар