Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысындағы кеңестендіру саясатының салдары - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысындағы кеңестендіру саясатының салдары

Қазіргі таңда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі аймақтық жұмыс тобы Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатында «бай-кулактар» деп айыпталып қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға қатысты құжаттарды қарастырып аты-жөндері мен категорияларын анықтап тізімдерін жасауда. Категорияларды анықтау өте маңызды, өйткені байлық-дәулетіне (мал санына) қарамай қудаланған отбасылар жеткілікті. Мұндай фактілердің болуы негізінен, олардың әлеуметтік шығу тегіне және кәмпескелеу мен ұжымдастырудың жоспарын асыра орындаумен байланысты жүргізілген. Мәселен, 1932 жылғы облыс көлеміндегі «кулактар» категориялары сол кездегі «Бас саяси басқарманың аудандық бөлімінің» құжаттарында келесідей берілген:

1 категория Колхоз, совхоз құрамына қосылған отағасы мен еңбекке жарамды отбасының ер азаматтары бар «кулак» отбасылары
2 категория Репрессияға ұшырап лагерлерде болуына байланысты отағасы мен еңбекке жарамды отбасының ер азаматтары жоқ «кулак» отбасылары
3 категория Репрессияға ұшырап қуғында болуына байланысты отағасы мен еңбекке жарамды отбасының ер азаматтары жоқ «кулак» отбасылары
4 категория Еңбекке жарамды отбасының ер азаматтары қашып кеткен «кулак» отбасылары
5 категория Еңбекке жарамды отбасының ер азаматтары мүлдем жоқ «кулак» отбасылары
6 категория Құрамында бұрынғы қызыл әскер қатарында болған отбасы мүшелері бар «кулак» отбасылары
7 категория Барлық отбасы мүшелерімен бірге тұрғылықты мекенінен біржола көшіп кеткендер
Ескерту: АОММ, 247/1418-қор, 1-тізім, 4 парақ. [1]

Ақмола облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған «бай-кулактар» жайлы мәліметті ОГПУ-дің бөлімдерінің сводкалары мен есептерінен алып жатырмыз. ОГПУ материалдары 1929 жылғы желтоқсан – 1930 жылғы қаңтарда болған зорлық-зомбылық пен қуғын-сүргін нәтижесінде «қағаз бетіндегі» колхоздар, ұжымдық шаруашылықтар ыдырап, 1929-30 жылдың қысындашаруалардың колхоздарданшығуы күшейгенін көрсетеді. ОГПУ анықтамаларында күштеп ұжымдастыруға қатысты мынандай ақпарат берілген «колхоздардан жаппай шығу барлық округтерде байқалады». Дәл осындай жағдай елдің  басқа аудандарында да болды.  Солтүстік Кавказда, Орта Еділ мен Оралда, Қазақстанда, Татарда және тағы басқаларында. Басқа бірде-бір партиялық, кеңестік және колхоздық-кооперативтік органдардың құжаттарында 1929 жылғы желтоқсан мен 1930 жылғы қаңтар айларында біз мұндай ақпараттаба алмаймыз. Бұл ОГПУ материалдарының зерттеушілер үшін құндылығын көрсетеді. Дегенмен бұлматериалдар да сыни талдауды қажет етеді.Ұжымдастыру және кулактарды жою кезіндегі зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу, әкімшілік озбырлық және репрессиялар шаруалардың жаппай наразылығын тудырды, бұл ауылда болып жатқан заңсыздыққа қарсы тұрудың пассивті де, өткір түрінде де көрінді. ОГПУ-дің ақпараттық мәліметтерінде, жергілікті жерлердегі партиялық және кеңестік органдардың баянхаттары мен жеделхаттарында ұжымдастыруға қарсы ғана емес, іс жүзінде өрістеген шаруа соғысы туралы дабылмен хабарланды.

Берілген құжаттарда әртүрлі ақпарат кездеседі, көбінде  тізімдері мен отбасы мүшелері кейбіреулерінде нақты айыптаулар мен шығарылған үкімдер де бар. Анықталған «бай-кулактарды» облыстың қазіргі әкімшілік-территориялық талабына сай бөлгенде қиындық туғызатын жағдай бірқатар ауылдардың №11, 13, 18 номірлермен берілуі.

Бүгінгі күнге дейін жұмысшы топтың күшімен жүздеген«бай-кулактардың» тізімі жасалған. Қазір олардың ақталған ақталмағандығы жөнінде мәліметті анықтау үшін облыс прокуратурасымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы тізімдегі әрбір адам бойынша нақты мәлімет алу үшін әрқайсының жеке істерін сұратып қарастырудамыз, одан арабша жазылған түсініктеме мен қолданылған жаза түрін көреміз. Мәселен, Кенжеболатов Зияден деген адамның ісін алып қарасақ, Көкшетау ауданының №10 ауылында тұрған, мал ұстайтын бай, ұлты қазақ, араб графикасында (төте жазумен) жазылған түсініктемелері мен 5 жылға сотталған деген мәліметтер бар (1418 қор, 78-тізім, 2-іс). Сондай-ақ, сотталушының ісінде жеке карточкасы, сайлау құқығынан айырылғандығы жөнінде мәлімет пен тәркіленген дүние-мүліктің саны беріледі, онда тіпті қасықтар мен кеселер де кездеседі. Жұмыс тобының құрамында араб графикасында хат танитын қызметкер бар, бірақ, жазбалар қолмен жазылғандықтан танып оқу өте қиын.

Кеңестік ұжымдастырудың қазақ қоғамына тигізген салдары өте ауыр болды. Ұжымдастыруды КСРО-ныңсталиндікбасшылықсаясатыныңқайғылынәтижесіретіндебағалау Виктор Даниловтыңғылымижетекшілігіменресейлікжәнешетелдіктарихшылар мен архив қызметкерлерінің үлкентобыдайындаған «Кеңесауылыныңтрагедиясы: ұжымдастыружәнетәркілеу» іргеліқұжаттаржинағындарасталды.

Ауылды социалистік қайта құрудың, яғни, ұжымдастырудың басты кедергісі «бай-кулактар» деп жариялаған кеңестік билік «Ірі байлардың мүлігін кәмпескелеп, оларды жер аудару жөнінде» шешім қабылдады, Қазақ АКСР-нің Орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлар кеңесі 1928 жылдың 27 тамызында осындай қаулы қабылдады.Осының негізінде жергілікті жерлерде байлар, колхоз құрылысының жаулары деп танылған және жеке салынған салықты төлей алмаған адамдар аудандық атқару комитеті (Райисполком) Президиумының шешімімен әртүрлі мерзімдерге сотталып, жер аударылды.

Жұмысбарысындажұмыстобыныңмүшелері«бай-кулактар» қатарына жатқызылып қудалануы мен жазалануы жайлы мәліметтер жинау барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұрағатында, Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты мен Зеренді ауданының мұрағат қорларында зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Ұжымдастыру жылдарында Ақмола аймағынан дүние-мүліктері кәмпескеленіп46 ірі байдың жер аударылғандығы анықталды. Олардан 12 142 мал басы мен ауылшаруашылық жабдықтары, көлік құралдары тартып алынды. Барлық тәркіленген мал мен ауылшаруашылық жабдықтары колхоздарға бөлініп берілді.Ұжымдастырудың алғашқы жылдарында Ақмола аймағында 22 жаңа колхоз құрылды.

1929 жылдың екінші жартысынан бастап колхоздық қозғалыс барлық ауылдарды қамтып, колхоздарға кедейлермен қатар, орташа шаруалар да тартылды, өйткені, бұл репрессияға ұшырамаудың белгілі жолы болды. Дегенмен, бірқатар ауыл тұрғындары әртүрлі айыптау баптарымен қуғын-сүргінге ұшырады, осындай қуғын-сүргін жазалаудың мысалын төменде берілген кестеден көруге болады:

Аты-жөні, жасы Категориясы Тұрғылықты мекен-жайы Сотталу себебі

мен статьясы

Кәмпескеленген Дереккөз
1 Махметов

Абдурахман

69 жаста

Қызметшілері бар мал өсіруші,  патша билігі кезінде 3 жыл ауыл басшысы болған  № 3 ауыл ҚК 61 бабымен 1931 жылдың наурызында сотталған 300 бас мал 1418-қ, 1-т, 109-іс.
2 Кенжебулатов

Зиятден,

61 жаста

Қызметшілері бар мал өсіруші,  колхозға қарсы үгіт-насихат жүргізген № 10 ауыл Кеңес өкіметіне қарсы іс-әрекеттері үшін 5 жылға сотталған 350 жылқы, 100 сиыр мен 300 қой 1418-қ, 1-т, 7-іс.
3 Дусумов Кали

64 жаста

Бай, ауыл басшысы болған, тұрақты  4-5 адам жұмысшысы болған  № 3 ауыл Колхозға қарсы қызметі үшін ауданнан тыс жер аударылған 40 жылқы, 27 сиыр, 82 ешкі мен қой, 16 қос өгіз 1418-қ, 1-т, 43-іс.
4 Калиев Сыздык 59 жаста

Жұбайы Сангали

45 жаста

Ұлы Галымжан 23 жаста

Текті ірі бай № 3 ауыл Мемлекет алдындағы міндеттерді орындамағаны үшін сотталған 3 жылқы, 17 сиыр 1418-қ, 1-т, 75-іс.
5 БокановШауали 38 жаста

жұбайы Дина

30 жаста

Текті бай, ірі би, саудагер, Ақмола, Петропавл, Кокшетау және Атбасар қ. сауда жүргізген. 10 тұрақты жұмысшы ұстаған. № 3 ауыл Колхоздық құрылысқа қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін 7 жылға сотталған Дүние-мүлкі кәмпескеленген 1418-қ, 1-т, 75-іс.
6 Доразымбетов

Байгужа

Үгіт-насихат жүргізген бай, жалдамалы жұмысшыларды пайдаланған № 13 ауыл Колхоздық құрылысқа қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін  сотталған 20 бас мал 1418-қ, 1-т, 75-іс.
7 Кұдайбергенов

Әділ

Отбасында 6 адам, оның 3 әйел адам

«Кулак», колхозға қарсы шыққан, кедейлерге ерекше әсер еткен № 9 ауыл ҚК 61 бабымен колхоз берген тапсырманы орындаудан бас тартқаны үшін сотталған 26 жылқы, 8 сиыр, 23 қой мен ешкі 1418-қ, 1-т, 71-іс.
8 Күшеков

Жүркен

Жалдамалы еңбек күшін пайдаланған бай № 3 ауыл Малын жасырғаны үшін сотталған. 1931 жылы ет дайындауға байланысты арнайы салық салынып, 40 центнер ет тапсыру міндеттелген, бірақ оның 10 центнерін ғана тапсырған. 40 жылқы, 30 сиыр, 100 қой, 8 түйе 1418-қ, 1-т, 54-іс.
11 Джакупов Кәрім,

60жаста

Жұбайы Дәмен  32 жаста

КелініБаугүл

Жалдамалы еңбек күшін пайдаланған бай, 3-4 тұрақты  қызметшілер ұстаған, колхозға қарсы үгіт-насихат жүргізген № 6 ауыл Колхозда 30 пұт астық дайындаудан бас тартқаны үшін 5 жылға сотталған 50 жылқы, 35 сиыр, 100 қой мен ешкі,4 қос өгіз 1418-қ, 1-т, 40-іс.
12 Баянов Ыбрай Жалдамалы еңбек күшін пайдаланған бай, 2-3 тұрақты  қызметшілер ұстаған, жеке салық салынған № 17 ауыл ҚК 61 бабы бойынша сотталған, іздестірілуде Дүние-мүлкі тәркіленген 1418-қ, 1-т, 18-іс.
13 БуркутбаевКасен

Жұбайы,

38 жаста

Ұлы18 жаста

Ірі бай, 5-6 тұрақты қызметшілер ұстаған № 13 ауыл Колхоз шаруашылығына зиян келтіргені үшін 7 жылға сотталған 300 бас жылқы, 60 сиыр, 200 қой мен ешкі 1418-қ, 1-т, 15-іс.
14 Бакиров Жанбай,

60 жаста

Жұбайы Дәрімән

Ағасы Рамазан

1 категория, текті би, Жалдамалы еңбек күшін пайдаланған бай, патша тұсында 3 жыл би-сот болған, әдейі малын сатып орта шаруа ретінде колхозға кірген № 13 ауыл Сотталған 60 жылқы, 25 сиыр, 4 түйе, 45 қой 1418-қ, 1-т, 7-іс.
15 Исенов Тілеуқабыл

32 жаста

Жұбайы 45 жаста

Қызы 12 жаста

Ұлы17 жаста

Текті би, ақтар кезінде кеңес өкіметіне қарсы болды № 13 ауыл Сотталған Дүние-мүлкі кәмпескеленген Ф. 1418, О. 1, д.7
16 Ақбердин Хамит,

28 жаста

Інісі 23 жаста

Ағасы 56 жаста

Жұбайы

Жалдамалы еңбекті пайдаланатын ірі бай, барлық шаруашылық және саяси компанияларға қарсылық танытқан, Колчактың армиясы мен ақтарға материалдық көмек көрсеткен, 400 руб. көлемінде жеке салық салынған № 13 ауыл Колхоздың астық дайындауға қатысты тапсырмасын орындамағаны және жылқыларды жасырып қалғаны үшін сотталып,  Горсоветтің қаулысымен ауданнан тыс жерге жер аударылған  80 жылқы, 10 өгіз, 6 сиыр. 1418-қ, 1-т, 7-іс.
17 Мурзалин Баял Жалдамалы еңбекті пайдаланатын ірі бай, ауыл басшысы болған № 13 ауыл Малдарын әдейі өлтіріп қашқаны үшін 144,145 баптармен сотталған 200 жылқы, 150 сиыр, 200 қой 1418-қ, 1-т, 46-іс.
18 МанаповДәулетше,

65 жаста

Жұбайы 50 жаста

Қыздары Мәриям 23 жәнеЗейнеп 18.

Бай

Колхоз құрылысына қарсы үгіт-насихат жүргізген

№ 13 ауыл Сотталған, аудан аумағынан тыс жерге жер аударылған Дүние-мүлкі кәмпескеленген 1418-қ, 1-т, 100-іс.

[3]

Ескерту: Кесте қуғын-сүргінге ұшырап жазаланған азаматтардың жеке істеріндегі мәліметтер бойынша дайындалған

Осы жылдары колхоздар жедел қарқынмен өсті. Егер де 1928 жылы Ақмола аймағында 151 колхоз болса, 1929 жылдың 20 желтоқсанында 456, ал, 1930 жылдың 4 ақпанында олардың саны – 630-ға жетті.

Осы құжатта 1929 жылдың 20 қарашасында ұжымдастыруға қарсылық танытып, Қазан төңкерісінің 12 жылдығын тойлау кезінде екі белсенді комсомолды орта шаруа Ковцуров Петр Павловичпен жалдамалы жұмысшы Савченко Федор Ивановичті оқ атып, жаралаған Ақмола аймағыЛенин ауданының Оксановка селосының тұрғыны,«кулак» баласы Цирульниченко Антон Яковлевич жайлы мәлімет кездеседі.

Қарастырылып отырылған аудандар (ол кезде уездер) 1932 жылдың ақпанынан әкімшілік орталығы Петропавл қаласында орналасқан Қарағанды облысына кірді, сондықтан, Ақмола облысының аймақтары бойынша ұжымдастыруға қатысты жан-жақты мейлінше толық ақпарат алу үшін Петропавл, Қарағанды қалалары мен облыс аудандарының мұрағаттарына және еліміздің орталық мұрағаттарында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, облыс аудандарында ұжымдастыру жылдарында шығып, оның барысы жайлы мол ақпарат берген аудандық газеттерді депайдаланудамыз.

Марат ӨТЕГЕНОВ,

тарих ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған профессор,

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау

 жөніндегі аймақтық жұмыс тобының мүшесі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар