Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айжан Есмағамбетова референдум күніндегі қауіпсіздік іс-шараларын атады - АРҚА АЖАРЫ

Айжан Есмағамбетова референдум күніндегі қауіпсіздік іс-шараларын атады

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова референдум күнінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қандай іс-шараларды сақтау қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне 10 жағдайға дейін тіркелуде. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 3 наурыздан бастап республика және барлық өңірлер жасыл аймақта. Елдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық карантиндік шектеулер алынды», — деді вице-министр Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында.

Сонымен қатар ол референдум өткізу кезінде қандай алдын алу іс-шараларын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды. «Оның ішінде: адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтап, референдумға қатысушылардың тобын реттеу; бөлмелерде желдеткіш немесе ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; ауаны жасанды желдету жүйесі болмағанда бөлмелерді жүйелі желдету; дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай бөлмелерді желдету және дезинфекция жүргізу.

Көрсетілген іс-шараларды іске асыру елдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтауға мүмкіндік береді. Аталған алдын алу іс-шаралары Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің бүгін осы отырыста келісуге шығарылатын қаулысының жобасында жазылған», — деді Айжан Есмағамбетова. Отырыс барысында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің арнаулы қаулысы бірауыздан қабылданды.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар