Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, хореография саласында тәжірибе мен білім алмасу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасымен ұйымдастырылған көрнекті биші Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған Қазақстанның хореографтар арасындағы «Қамажай» атты І республикалық байқауының іріктеу кезеңі Көкшетау қаласында өтеді.
Ұлттық би өнерімізді дәріптейтін бұл байқауға байқауға облысымыздың көрнекті көркемөнерпаз би ұжымдары қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, «Молодость» халықтық би ансамблі, жетекшісі Старишко Оксана (Атбасар ауданы), «Счастливое детство» үлгілі хореографиялық ұжымы, жетекшісі Осипченко Оксана (Степногорск қаласы), «Мираж» халықтық би ансамблі, жетекшісі Бакшеев Виталий (Аршалы ауданы), Жүкен Айдана, Көкшетау қ. «Гәкку» би ансамблінің әртісі, «Жарқын» халықтық би ансамблі, Ақан сері атындағы Көкшетау қ. жоғары мәдениет колледжі (жетекшісі Әжібекова Зәуре), «Фламинго» халықтық ансамблі, жетекшісі Жақыпбекова Динара (Қорғалжын ауданы), «Қазына» би ұжымы, жетекшісі Әбдікәрімова Ақбота (Қорғалжын ауданы), Әмірбеков Рүстем (Ақан сері атындағы Көкшетау қ. жоғары мәдениет колледжі).
Қатысушыларға әділ бағасын беріп, өнерін бағалайтын құрметті әділ-қазылар құрамына Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі, Қазақ ұлттық хореография академиясының өнертану кандидаты, профессор Ізім Тойған Оспанқызы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Гаценко Людмила Ивановна, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ ұлттық хореография академиясының педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кульбекова Айгуль Кенесовна, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің жетекшісі, бас балетмейстері, «Ақан сері» атындағы жоғары мәдениет колледжінің хореография пәндерінің сарапшы мұғалімі Ордабаева Гульмира Мергалиевна, ШЖҚ «Bolashaqsaraiy» МКК, «Гүлдер» халық би ансамблінің жетекшісі, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің педагог-сарапшысы Буторина Елена Жұмабайқызы енді.
Байқау ережесіне сәйкес, барлық би көрсетілімдері бейнетаспаға түсіріліп, үздік би ұжымдары телевизиялық арналардан көрсетілетін болады.Тұңғыш рет көшпелі нысанында ұйымдастырылған Қазақстанның хореографтар арасындағы «Қамажай» атты І республикалық байқауының іріктеу кезеңдері Қазақстанның өзге аудандарында өз жалғасын таппақ.
Байқаудың гала-концерті, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі салтанатты түрде қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Қазақстандық хореографтардың «жаңа есімдерін» таныту, хореографиялық өнерді дамыту, би өнерінің көшбасшыларын анықтау және жас хореографтарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған жоба отандық би ұжымдарына өзара тәжірибе алмасуға, өнерлерін жетілдіріп шыңдауға керемет үлкен мүмкіндіктер беретіні қуантарлық жәйт.