Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Референдумға шығарылатын ұсыныстар косметикалық өзгеріс емес – Мәулен Әшімбаев - АРҚА АЖАРЫ

Референдумға шығарылатын ұсыныстар косметикалық өзгеріс емес – Мәулен Әшімбаев

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент телерадиокешеніне 5 маусым күні өтетін реформаның мәні мен мазмұны туралы қысқа сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан азаматтары Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдап жатса, еліміздің дамуында жаңа бір кезең басталады деп айтуға толық негіз бар. Өйткені бұл өзгерістер – косметикалық өзгерістер емес», — деді Мәулен Әшімбаев сұхбат барысында.

Оның пайымынша, референдумға шығарылып отырған ұсыныстарды төрт топқа бөліп қарау орынды. «Біріншіден, бұл енді адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталатын өзгерістер. Біздің саясатымыздың, мемлекетіміздің саясатының негізгі мақсаты – халықтың жағдайын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету. Екінші бағыт – Парламент жұмысының тиімділігін арттыру және саяси жүйеміздегі Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған өзгерістер.

Оның ішінде екі палатаның арасындағы қарым-қатынастарға байланысты, оларды жетілдіруге арналған нормалар бар. Олардың негізгі мақсаты – заң шығару процесін әрі қарай жақсарту, тиімділігін арттыру. Заң жобаларын тезірек қарау, тезірек қабылдау, жан-жақты пысықтау. Осыған арнаулы нормалар ұсынылып отыр», — деген Сенат спикері үшінші бағыт тұтастай жергілікті әкімдіктердің жұмысын жетілдіруге арналып отырғанына назар аударды. «Халықтың әл-ауқаты, жағдайы жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдердің, мәслихаттардың тиімді жұмыс істеуіне тікеле байланысты. Соның аясында облыс әкімдерін тағайындау процесі өзгеріп жатқанын білесіздер.

Презиенттің ұсынысы бойынша, Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданса, облытар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мәслихат депутаттары сайлаған кезде Президент міндетті түрде екі адамның кандидатурасын ұсынады. Мұны енді тура сайлау деп айтуға болмайтын шығар. Бірақ сайлау процестерінің элементтері енгізіліп, жаңаша тағайындау механизмі ұсынылып отыр. Сондықтан бұл механизмнің негізгі мағынасы – халықтың пікірін ескеру», — деді Сенат төрағасы. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» — 12:45-те, «Qazaqstan» — 16:05-те, «Qazaq TV» — 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар