Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Референдумда қазақ және орыстілді халық саны есептеледі» - ақпарат фейк - АРҚА АЖАРЫ

«Референдумда қазақ және орыстілді халық саны есептеледі» — ақпарат фейк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде референдумда қазақ тілінде жазылған бюллетеньді толтыруға шақыратын ақпарат тарады. Бюллетеньдерге қарап, елдің қазақтілді және орыстілді халқының пайызы есептеледі-мыс. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Facebook-тегі парақшасында аталған ақпаратты жоққа шығарды. «Әлеуметтік желіде референдумға берілген жауапты екі тілде санайды екен деген ақпарат желдей есіп жүр. Бұл түбірімен дұрыс емес! Азаматтар өз құқығын білуі тиіс. Референдум туралы Заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады. Сондықтан жалған хабарламаға ермеуді сұраймыз!

Орайы келіп тұрғанда, барлық Қазақстан азаматын 5 маусым күнгі референдумға бір кісідей қатысып, алдағы үлкен өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын!»,– деп жазды Нұртөре Жүсіп. ҚР Орталық сайлау комиссиясы референдум барысында бюллетеньдерді қалай толтыру керектігін түсіндірген болатын. Бюллетень екі тілде бірдей жазылған. Онда Конституцияға ұсынылған түзетулермен келісуге немесе келіспеуге қатысты жалғыз ғана сұрақ бар. Жауап екеу: «иә» немесе «жоқ». Республикалық референдумға шығарылатын мәселелер тізімі.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар