Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар жылында ақмолалық балаларға облыс әкімі демалысқа жолдамалар мен ақшалай сертификаттар табыстады - АРҚА АЖАРЫ

Балалар жылында ақмолалық балаларға облыс әкімі демалысқа жолдамалар мен ақшалай сертификаттар табыстады

Балалар жылы аясында 1 маусымда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыстың дарынды балаларымен кездесті.

Осы мерекеге орай 80-нен астам халықаралық, республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Сұңқар» сауықтыру кешеніне жиналды.

Аймақ басшысының оқушылармен кездесуі «TED-х» форматында өтті.

Ермек Боранбайұлы футбол, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, музыкалық, туристік-скаут бағыттары бойынша 5 тақырыптық алаңда болды.

Диалог алаңында жас ақмолалықтар өздерінің әртүрлі бағыттардағы жетістіктері туралы айтып, облыс әкіміне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімі балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, мемлекет дарынды жастарды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында балалар алдында «Білім-инновация» лицей-интернатының табысты түлектері Кәкімбек Абай мен Әлібаев Сәбит сөз сөйледі.

Марапаттау рәсімінде 2-8 сынып оқушылары арасындағы халықаралық, республикалық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыс әкімінен «Сұңқар» сауықтыру кешеніне жолдама алды, ал 9-11 сыныптар арасындағы халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының, республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 50 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін ақшалай сертификаттар алды.

Ермек Боранбайұлы «Білім-инновация» лицей-интернатына биология кабинетін сатып алуға 10 000 000 теңгелік сертификат, сондай-ақ республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша «100 үздік олимпиадалық мектеп» тізіміне енген №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясына 5 000 000 теңгеге сертификат табыс етті.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Ақмола облысының балаларына 1000 жолдама берді.

Кездесу соңында балалар облыс әкімімен естелік суретке түсті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар