Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Жастар референдумды қолдайды» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге университеттің студенттік парламентінің мүшелері, студенттер мен жас ғалымдар кеңесінің мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелде ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Жақыпова референдумды өткізудің негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.
–Референдумға қатысу алдымен әрқайсыларыңның азаматтық борыштарың. Референдумға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының әр азаматы қатысуға құқылы. Референдумның басты мақсаты — жаңа Қазақстанды құру. Жаңа Қазақстан әділетті мемлекетке талпыныс. Әр адамның құқығы тең деңгейде болатын мемлекет. Сол мемлекетті құру үшін біздің бәріміздің референдумға қатысу басты борышымыз, – деді Айгүл Жақыпова.
Абылайхан ӘШІМХАН.