Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
14.00-дегі жағдай: Қазақстандықтардың 53, 43% референдумда дауыс берді - АРҚА АЖАРЫ

14.00-дегі жағдай: Қазақстандықтардың 53, 43% референдумда дауыс берді

– Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 262 973 адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық референдум комиссиясына аймақтардан келіп түскен деректерге сәйкес, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың келесі саны дауыс беруге арналған бюллетеньдерді алды.

Нақты айтқанда, Ақмола облысы – 56,89, Ақтөбе облысы – 45,64, Алматы облысы – 58,07 , Атырау облысы – 50,68, Батыс Қазақстан облысы – 53,58, Жамбыл облысы – 63,46, Қарағанды облысы – 61,08 , Қостанай облысы – 62,47, Қызылорда облысы – 65,03, Маңғыстау облысы – 43,36, Павлодар облысы – 57,79, Солтүстік Қазақстан облысы – 62,41, Түркістан облысы – 53,63, Шығыс Қазақстан облысы – 64,21, Нұр-Сұлтан қаласы – 41,13, Алматы қаласы – 23,06, Шымкент қаласы – 59,32 пайыз. Жалпы, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 262 973 азаматы бюллетень алды.

Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 53,43 пайызын құрайды. Заңға сәйкес, егер референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса референдум өткізілген деп саналады. Осылайша, аумақтық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, заңмен белгіленген келушіге қол жеткізіліп отыр», — деді Анастасия Щегорцова. Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуіне қатысты келесі деректі сағат 16.00-де ұсынады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар