Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихи күнгі шарада  тұрғындар белсенділік танытты - АРҚА АЖАРЫ

Тарихи күнгі шарада  тұрғындар белсенділік танытты

Бүгін еліміз үшін шын мәніндегі тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Ешқандай мәжбүрлік жоқ. Референдум  жоғары деңгейде ұйымдастырылған,- деді дауыс берген бойы журналистер сұрағына жауап берген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы атаған осындай оң ахуал біздің өңірде де анық көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі туралы жалпыұлттық референдумда дауыс беруге Ақмола облысындада барлық жағдай жасалынған. Тұрғындар дауыс беру участоктеріне көтеріңкі көңіл күй үстінде келуде. Әркім еліміздің әл-ауқатының жақсарып, экономикасының нығая түсуіне ынталы. Сол себепті де өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық көзқарасын, ұстаным-пікірін білдіруге асық.

Облыс  орталығындағы №1 мектеп-гимназиясында №8 –ші дауыс беру участогі орналасқан. Бұл учатокке барлығы 1461 адам тіркелсе, сағат таңғы 10-ға дейін 87 адам дауыс беріпті.

Учаскеміз бойынша келіп дауыс бере алмайтын 3 адамға үйлерінде заңды түрде дауыс беруге мүмкіндік жасалды. Жалпы дауыс берушілерге барлық жағдай қарастырылған. Келушілер қатары енді жиілей бастады,- деді комиссия төрғасы Сандуғаш Нұрқатова.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев та осы №8-ші учатокке келіп, дауыс берді.

-Мен елімізде өтіп жатқан референдумға келіп, өз таңдауымды жасап, дауысымды бердім. Өңір тұрғындары өз құқықтарын пайдаланып, өз пікірлерін білдіру үшін белсенді түрде дауыс береді деп сенемін және баршаңызды осындай тарихи күнмен құттықтап, сәттіліктер тілеймін,- деді өңір басшысы.

— Біз еліміздің жаңаша дамып, бұдан да қуатты ел боларына сенеміз. Қолға алынған барлық жоспарлардың, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына тілектеспіз. Сол үшін де келіп, дауыс бердік,-деп ой бөлісті жас отбасының иелері Рустам мен Ботагөз Ахметовтер. Олар өздерінің екі бүлдіршіндерінің жан-жақты дамыған, гүлденген Қазақстанда өмір сүріп, еңбек етіп, бақытты ғұмыр кешеріне сенімді.

Көкшетау Құрылыс-техникалық колледжінде ашылған №729-шы участокте де келушілер көп. Мұнда барлығы 2570 адам тіркелген болса, сағат он жарым кезінде 182 адам дауыс беріп үлгеріпті.

Еліміздің болашағы, Отанымыздың тыныштығы, өсіп-өркендеп дамуы, бейбіт өмір, ұрпағымыздың алдағы берекелі ғұмыры үшін дауыс бердім. Ерінбей еңбек етіп, тер төгіп жүрген барша азаматтарға мықты денсаулық, табыстар тілеймін,- деді жасы сексенге таяған қария Сапарбек Мұқашев.

Жасы егде тартқан қариялардың да, жалындаған жастардың да бір кісідей жұмылып, ел ертеңін ойлап сайлау учакелеріне келіп, өз пікірлерін білдіріп белсенділік танытуы- ел болашағының берік  іргетасындай көрінеді.

Серік Сапарұлы,

                                                                 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

  Суретті түсірген Айбек Данияров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар